29 сәуір - халықаралық би күні
02:37, 29 Сәуір 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық би күні 1982 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның шешімімен тарихқа «заманауи балеттің негізін қалаушы» ретінде енген, хореографиялық өнердің реформаторы және теоретигі, балетмейстер Жан-Жорж Новердің туған күнінде атап өтіледі.
Жан-Жорж Новер (1727 жылдың 29 сәуірі - 1810 жылдың 19 қазаны) - француз балетмейстері, Л.Дюпренің ізбасары. Сахнаға биші ретінде шықты және Лондондағы «Друри-Лейн» театрында балет труппасына жетекшілік етті. Новер батырлық балетін және трагедиялық балеттің қағидаларын әзірлеп шығарды.
Халықаралық Би күні би өнерін насихаттауға қызмет етеді.