29 сәуірде Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 29 сәуірде елімізде болатын маңызды оқиғаларға шолуды ұсынады.

АСТАНА

Сағ-12:00-де Астананың «Алатау» тұрғын үй кешені қалалық «Нұр Отан» партиясы және «Сарыарқа» аудандық әкімдігімен бірлесіп «Біздің ауланың чемпиондары» атты әлеуметтік жобаның тұсаукесерін ұйымдастырады.

АЛМАТЫ

Сағ. 9:00-де Алматы қаласында «Спорттық Алматы» атты велошеру өтеді. Бұл  жолы шара 10 шақырымды қамтымақ. Велошеру Әл-Фараби, Төле би, Абылай хан көшелерінің  бойында жалғасып, Ғабит Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театр маңында мәресіне жетеді.

Сағ. 10:00-де орталық саябақта «Көктем көркі қызғалдақ» фестивальі ұйымдастырылады.

Сағ.15:00-де Capture School орталығының ұйымдастыруымен  фотокөрме өтеді.