29 сәуірде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 29 сәуір күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ENU Endowment Fund жобасы таныстырылады.

10.30-да «Самұрық-Қазына» қоры ұйымның сатып алу тәртібі туралы онлайн баспасөз брифингін өткізеді. Трансляция қордың Youtube арнасында жүргізіледі.

11.00-де Мемлекет басшысы, ҚХА Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXI сессиясы өтеді.

Күн тәртібінде: «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі».

14.00-де «Думан» қонақ үйінде «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді.

Шараға партияның барлық өңірлік филиалдарының төрағалары, Саяси кеңес мүшелері мен жастар қанатының белсенділері қатысады.

18.00-де Қазақстан Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Концерт залында «Астана Опера» камералық оркестрі Viva Mozart! бағдарламасымен өнер көрсетеді.

АЛМАТЫ

11.00-де ҚР Мемлекеттік орталық музейінде «Баршаға арналған білім» атты екі күндік білім көрмесін өткізеді. Оған шетелде білім алу жөніндегі кеңес орталықтары, тіл мектептері және Алматы қаласының білім беру курстары қатысады.

Бұл жоғары және орта білім берудің үздік, тілдік, мәдени бағдарламалары және шетелде демалысты ұсынатын қаламыздың жетекші ұйымдары: «Education First», «Globus Education», «Edu Stream», «Study Room», «Get Education», «Чешский Образовательный Центр», «Global Student Center», «USL Kazakhstan», «Cambridge Academy» білім беру орталықтары ұсынады.

15.00-де ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде Дүниежүзілік жазушылар күніне орай, қазақтың көрнекті ақын-жазушылары – М. Әуезовтың 125 жылдық, Ғ. Мүсірепов пен Ғ. Мұстафиннің 120 жылдық, Д. Әбілев пен Ғ. Ормановтың 115 жылдық, Ә. Шәріповтың 110 жылдық және Ә. Нұршайықов пен С. Шәймерденовтің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында «ХАЛЫҚ ЖҮРЕГІНДЕГІ ҚАЛАМГЕРЛЕР» атты көрме ашылады.