Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл,бұршақ жаууы мүмкін, түнде кей жерлерде жел, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/скүшейеді. Батыс Қазақстан облысында, таңертең және күндіз Павлодар облысыныңкей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді,бұршақ жаууы ықтимал.
Қостанай облысында найзағай жарқылдап, жел түнде кейжерлерінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
СолтүстікҚазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, желтұрады, жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз Қарағандыоблысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл,шаңды дауыл күтіледі, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, кейжерлерде 25 м/с күшейеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, жел15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді, таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай, дауыл тұруы ықтимал. Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды,жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Күндіз Алматы, Жамбыл облыстарында,Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Алматыоблыстарында, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарыныңкей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.