29 шілдеде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
21:12, 28 Шілде 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 29 шілде күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
11:00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандықтарды әлеуметтік сақтандырудың тиімді тұстары» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Бас директоры Нұрсұлу Кемел. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
16:00-де елордалық Қуыршақ театрында «Қайта оралған су перісі» ертегісі қойылады.
18:00-де «Барыс Аренада» «You Fest» заманауи танымал музыка фестивалі өтеді.