29 шілде. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 29 шілде күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
46 жыл бұрын (1979) Атырау облысының әкімі Серік Жамбылұлы ШАПКЕНОВ дүниеге келді.
2000 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономикалық кибернетика факультетін бітірген, экономист-математик. «Нұр Отан» партиясының мүшесі (2005 жылдан).
Еңбек жолы: 2000-2001 жылдары М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы, 2001-2002 жылдары Батыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының жетекші маманы, 2002-2006 жылдары Батыс Қазақстан Қаржы басқармасының жетекші маманы, бас маманы, 2006-2007 жылдары БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті шынайы секторды дамыту бөлімінің бастығы, БҚО Ауыл шаруашылығы департаменті директорының орынбасары, 2007-2009 жылдары БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті бастығының орынбасары, 2009-2012 жылдары БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы, 2012 жылы БҚО әкімінің орынбасары, 2012-2014 жылдары БҚО әкімінің бірінші орынбасары, 2015-2016 жылдары ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2016-2018 жылдары Атырау қаласының әкімі, 2018-2020 жылдары Атырау облысы әкімінің орынбасары, 2020-2021 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, 2021-2022 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымын атқарған.
2022 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.
44 жыл бұрын (1981) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігі басшысының орынбасары Рашид Кәрібайұлы ЕРИШЕВ дүниеге келді.
Ақмола облысының Көкшетау қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын халықаралық құқық мамандығы (2002), Дипломатиялық академияны, халықаралық қатынастар мамандығы бойынша (2005) тәмамдаған.
Еңбек жолы: 2005-2007 жылдары ҚР СІМ Азия және Африка департаментінде атташе, үшінші хатшы, 2007 жылы Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулдығында үшінші хатшы, 2007-2011 жылдары Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдігінде үшінші хатшы, екінші хатшы, 2011-2012 жылдары ҚР СІМ Еуропа департаментінің екінші хатшысы, 2012-2015 жылдары Қазақстан Республикасының Израиль мемлекетіндегі Елшілігінің бірінші хатшысы, 2015-2017 жылдары ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және болжам департаментінің кеңесшісі, 2017-2019 жылдары ҚР Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы лауазымын атқарған. Қазақстан Республикасының Гонконг арнайы әкімшілік ауданындағы (ҚХР) Бас консулы.
43 жыл бұрын (1982) VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Социалұлы СЕЙТЖАН дүниеге келді.
Қостанай облысы Амангелді ауданында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Тарих. Құқық және экономика негіздері» факультетін бітірген (2007); University of Reading (Англия), «Education (Leadership and Management)» магистрі (2015).
Еңбек жолы: 2007 жылы Алматы қаласы, Медеу ауданының № 7 жалпы білім беретін мектебінде тарих пәнінің мұғалімі, 2017-2022 жылдары мүгедек балаларға арналған «Мейірім» оңалту орталығында әлеуметтік бағдарламалар бойынша менеджер, 2017-2022 жылдары қонақ үй бизнесінің директоры, 2016-2022 жылдары «Қазақстан голбол федерациясы» ЗТБ Бас хатшысы, 2021-2023 жылдары РҚБ президенті «Қазақстан Паравелоспорт Федерациясының» президенті лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметін 2024 жылдың ақпан айынан бері атқарып келеді.
36 жыл бұрын (1989) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Алмасхан Бауыржанұлы СМАТЛАЕВ дүниеге келді.
Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетін, Блумсбург университетін (Пенсильвания, АҚШ) бітірген. Мамандығы: экономика, халықаралық экономика, қаржы және несие, мемлекеттік және муниципалды басқару магистрі.
Еңбек жолы: 2009-2011 жылдары «Корал Групп» компаниясы бас директорының орынбасары, 2011-2012 жылдары «Service and Technologies INVEST» компаниясының бас директоры, 2012-2014 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияның консультанты, кеңесшісі, 2014-2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі, 2016-2018 жылдары Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, 2018-2020 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2020-2023 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметін 2023 жылдың тамыз айынан бері атқарып келеді.
76 жыл бұрын (1949-2021) мемлекет және қоғам қайраткері Ермек Жианшыұлы ЖҰМАБАЕВ дүниеге келді.
Павлодар облысында туған. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын Павлодар облысында сегіз жылдық мектептің мұғалімі болып бастаған. Павлодар облысындағы Железин ауданының прокуроры болып қызмет істеген. ҚР Парламентінің бірінші шақырылымында Сенат депутаты болып сайланған, 1999-2005 жылдары Заңдар және құқықтық реформа комитетінің төрағасы, 2005-2007 жылдары Мемлекеттік құрылыс және құқықтық саясат комитетінің төрағасы лауазымын атқарған. ҚР Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Кеңестің, Заңдар жинағын жасау жөніндегі Үкіметтік комиссияның мүшесі. Парламентаралық Одақтың, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама корольдігінің Парламентімен ынтымақтасу тобының мүшесі болды.