АСТАНА
9.30-да Назарбаев университетінде «Электр машина жасау саласындағы инновациялық жобаларды коммерцияландыру» тақырыбында конференция өтеді.
11.00-де «Қазанат» ипподромында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында баспасөз туры өтеді.
11.00-де Астана қаласы мәслихатының мәжіліс залында заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы өтеді.
11.00-де «Парасат» кәсіпкерлер альянсында өнеркәсіптің өңдеуші және аралас салалары, сондай-ақ инфрақұрылым мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді.
12.30-да ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдау факторларын түсіндіру бойынша баспасөз брифингін өткізеді.
13.00-да Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры «Қазақстандағы сайлау реформалары парламентаризмді дамыту факторы ретінде» атты дөңгелек үстел өткізеді.
14.00-де «Ұлттық және ат спорты орталығы» БАҚ өкілдерін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын ұлттық құраманың арнайы ашық жаттығуларына шақырады.
14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру туралы» баспасөз конференциясы өтеді.
15.00-де Қалалық мәслихаттың мәжіліс залында Астана қаласының қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.
19.00-де Хас санат көрмесінде «Сальвадор Дали» көрмесі ашылады.