29 тамыз. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 29 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Фото: Kazinform/ Midjourney

ЕСІМДЕР

163 жыл бұрын (1861-1933) қазақтың халық композиторы, күйші, қазақ домбыра мектебінің негізін салушылардың бірі Сейтек ОРАЗАЛЫҰЛЫ дүниеге келген.

Батыс Қазақстан облысында туған. Бала күнінен музыкаға қабілетін байқатты. Домбыра тартуды өз ағасы Сұлтанғалидан үйренді, күй орындауды Дәулеткерейдің шәкірттерінен үйренді. «Арпалыс», «Орғытпа», «Шәрипа», «Бес қыз», «Жантаза», «Қарашаш», «Қанатым», «Көкала ат» т.б. күйлері бар. Еркіндік идеялары үшін қуғынға ұшырады. Орда, Иркутск, Қарабайлы, Астрахан, Мәскеу түрмелеріне қамалды. Революцияшыл орыс жұмысшылармен байланысы бар деген айыппен саяси сенімсіз адам ретінде Сібірге айдалды. Осы кезде «Айдау», «Түңілдім», «Арман» күйлері туды. 1905 жылы елге оралды. «Жоқтау», «Ғазиз», «Мең-зең» «Сары дала» күйлері осы кезде туды. 1905 жылғы революцияға арналған «Жігер», 1916 жыл оқиғаларына үн қосқан «16 жыл» күйлері бар. Сейтек шығармаларының шыңы – «Заман-ай» күйі, Октябрь революциясы оны «17 жыл», «Еркіндік», «Партсъезд» күйлерін шығаруға жігерлендірді. А. Затаевич Сейтек күйлерін «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына енгізді. Тәкен Әлімқұловтың «Сейтек сарыны» повесі Сейтектің өмірі мен шығармашылығына арналған. Сейтектің көптеген күйлері Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің репертуарында.

55 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ермек Боранбайұлы МАРЖЫҚПАЕВ дүниеге келді.

Фото: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

Целиноград қаласында туған. 1994 жылы С. Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институтын, 2001 жылы «Тұран» университетін, 2009 жылы Көкшетау университетін тәмәмдаған.

Еңбек жолын орта мектепте ұстаздықтан бастады. 1992-1994 жылдары «Шонай» шағын кәсіпорнының директоры, кейін «Бурабай» ЖШС директоры қызметін атқарды. 2008-2013 жылдары Аршалы, Зеренді аудандарының әкімі, 2013-2014 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары, 2015-2019 жылдары Көкшетау қаласының әкімі, 2019-2023 жылдары Ақмола облысының әкімі қызметін атқарған.

Қазіргі қызметінде – 2023 жылдың қыркүйегінен бастап.

«Құрмет» орденімен (2011), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Ерен еңбегі үшін» (2004), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарімен марапатталған.

52 жыл бұрын (1972)Астана қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Салтанат Бестыбайқызы БЕГАСИЛОВА дүниеге келді.

Фото: Астана қаласының Полиция департаменті

Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласында дүниеге келген.

Еңбек жолы: Алматы қ. ІІБ Бостандық ІІБ кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторы, ҚР ІІМ Жедел-техникалық қызмет департаменті Ақмола қаласындағы құжаттандыру орталығы филиалының ақпаратты енгізу бөлімінің инженер-бағдарламашысы, ҚР ІІМ "Ақпараттық-өндірістік орталық" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының орталық деректер банкін қалыптастыруды енгізу бөлімінің аға инженер-бағдарламашысы, ҚР ІІМ Техникалық қызмет департаменті пайдалану-техникалық басқармасының ақпарат беру бөлімінің бастығы, ҚР ІІМ Ақпараттық-техникалық қызмет департаменті техникалық пайдалану орталығының коммутаторға және электрондық поштаға қызмет көрсету бөлімінің бастығы, ҚР ІІМ Техникалық қызмет департаменті Перспективалы технологиялар басқармасы бастығының орынбасары, әрі техникалық-экономикалық бөлімінің бастығы, ҚР ІІМ Техникалық қызмет департаменті перспективалы технологиялар басқармасы бастығының орынбасары, әрі техникалық-экономикалық бөлімінің бастығы, ҚР ІІМ Техникалық қызмет департаменті перспективалы технологиялар басқармасы бастығының орынбасары, ҚР ІІМ Ақпараттандыру және байланыс департаменті бастығының орынбасары, әрі перспективалы технологиялар басқармасының бастығы болып қызмет атқарған.

Қазіргі лауазымын 2023 жылдың мамырынан бері атқарып келеді.

46 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Расул Нұрланұлы РАХИМОВ дүниеге келді.

Фото: Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында дүниеге келді. Ол «Болашак» халықаралық стипендиясының түлегі, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарында білім алды.

Индустрия министрлігінің жүйесінде, БҰҰДБ-ның қоршаған ортаны қорғау және энергетика бағдарламаларының үйлестірушісі, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Орнықты даму департаментінің басшысы, Ұлттық инновациялық қордың басқарушы директоры қызметтерін атқарды.

2018 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2021-2022 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болды.

Қазіргі қызметін 2022 жылдың желтоқсан айынан бері атқарып келеді.