29 тамыз. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 29 тамыз тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

54 жыл бұрын (1969) Ақмола облысының әкімі Ермек Боранбайұлы МАРЖЫҚПАЕВ дүниеге келді.

Целиноград қаласында туған. 1994 жылы С. Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институтын, 2001 жылы «Тұран» университетін, 2009 жылы Көкшетау университетін тәмәмдаған.

Еңбек жолын орта мектепте ұстаздықтан бастады. 1992-1994 жылдар аралығында «Шонай» шағын кәсіпорнының директоры, кейін «Бурабай» ЖШС директоры қызметін атқарды. 2008-2013 жылдар аралығында – Аршалы, Зеренді аудандарының әкімі. 2013 жылдың қыркүйек айында Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 2014 жылдың маусым айынан бастап – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2015-2019 жылдары – Көкшетау қаласының әкімі.

2019 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

53 жыл бұрын (1970) Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Кәкенқажыұлы БАЙАХМЕТОВ дүниеге келді.

Семей облысы, Аягөз қаласында туған. 1992 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту ордені ауылшаруашылық институтын (инженер-электрик), 2008 жылы Алматы Орталық Азия университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1992-1999 жылдары «Алтайэнерго» мекемесінің, Аягөз электр торабының инженері, 1999-2000 жылдары Жергілікті автоматикалық релелік қорғау қызметінің бастығы, 2000 жылы «ВК РЭК» жабық акционерлік қоғамының техникалық қамсыздандыру және релелік автоматикалық қорғау бөлімінің басшысы, 2000-2001 жылдары «ВК РЭК» жабық акционерлік қоғамның бас диспетчері, 2001-2002 жылдары Аудандық электр торабының бөлім басшысы, 2002-2004 жылдары Аудандық электр торабының бастығы, 2004 жылы «ВКРЭК» жабық акционерлік қоғамының Аягөз аймағының мүдірі, Аудандық электр торабының бастығы, 2004-2005 жылдары Бородулиха ауданының электр торабының бастығы, 2005-2008 жылдары Аягөз ауданы әкімінің орынбасары, 2008-2009 жылдары «Дана-Аягөз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры, 2009 жылғы ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің мемлекеттік сатып алу және құқықтық жұмысты ұйымдастыру басқармасының бастығы, 2009 жылдың сәуірінен Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағат комитетінің есеп басқармасының бас эксперті, 2009 жылғы маусымнан Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бюджеттік жоспарлау және мемлекеттік сатып алу басқармасының бас эксперті, 2009 жылғы қазанынан бастап Өскемен қаласының құрылыс бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. 2010 жылдың қарашасынан – Аягөз қаласының әкімі. 2014 жылдың шілдесінен Ұлан ауданының әкімі қызметіне тағайындалды. 2014 жылдың желтоқсан айынан 2019 жылғы сәуірге дейін – Аягөз ауданының әкімі. 2019-2021 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2021-2022 жылдары – Семей қаласының әкімі. 02.2023-07.2023 – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысы.

2023 жылдың шілдесінен қазіргі қызметін атқарып келеді.

49 жыл бұрын (1974) ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Қылмыстық қудалау және жедел-іздестіру қызметі кафедрасының меңгерушісі Бағлан Әлкенұлы МАКСИМГЕРЕЕВ дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған (1997).

Еңбек жолы: Астана қаласы Алматы ауданы прокуратурасының сот қаулыларының заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры (10.2000-02.2001); Астана қаласы прокуратурасының Ішкі істер органдары мен ҰҚК қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры (02.2001-07.2002); Астана қаласы прокуратурасының Ішкі істер органдарында алдын ала тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры (07.2002-10.2004); Бас прокуратураның тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау департаменті ІІМ, ӘМ ҚАЖК, ҚР ТЖМ органдарында және көлікте тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры қызметіндегі прокурор (10.2004-04.2005); Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау департаменті ІІМ, ӘМ ҚАЖК, ҚР ТЖМ органдарында және көлікте тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры (04.2005-06.2009); Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау департаменті ҚР ІІМ, ҚР ӘМ ҚАЖК, ҚР ТЖМ органдарында және көлікте тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры(06.2009-06.2010); Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау департаменті Ішкі істер министрлігі, ҚР Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитеті, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі және көлікте тергеу органдарында тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры (06.2010-05.2011); Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау департаменті Ішкі істер министрлігі, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі және көлікте тергеу органдарында тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры (05.2011-01.2012); Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау департаменті ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҚР ҰҚК) мен Қазақстан Республиксы Бас прокуратурасының қылмыстық процестің заңдылығын қадағалу бөлімінің басшысы (01.2012-10.2012); Қазақстан Республикасы Бас прокурорының көмекшісі (10.2012-11.2014); ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары (11.2014-2019).

Қазіргі қызметін 2019 жылдан атқарып келеді.

46 жыл бұрын (1977) Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің экс-кеңесшісі Марат Бақытжанұлы БЕКЕТАЕВ дүниеге келді.

Қазіргі Түркістан облысында туған. Қазақ мемлекеттік заң институтын бітірген, заңгер, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін бітірген, халықаралық бизнес-құқық.

2001-2002 жылдары – Алматы қаласында Британдық кеңес құқық мәселелері бойынша консультанты, ҚР Сыртқы істер министрлігінің «Дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс департаменті» РМК сектор меңгерушісі. 2002-2003 жылдары – ҚР СІМ «Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету басқармасы» ЖАҚ бастығы. 2003-2004 жылдары – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде бөлім бастығы, басқарма бастығы, төрағаның кеңесшісі. 2004-2006 жылдары – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Еуразиялық мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығы» РМКК директорының орынбасары, директоры. 2006-2007 жылдары – ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі. 2007 жылы – ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі. 2007-2010 жылдары – ҚР Әділет вице-министрі. 2010-2015 жылдары – ҚР Әділет министрлігінің жауапты хатшысы. 2015-2016 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары. Қазақстан Республикасының Әділет министрі (2016-2022).

2022 жылдың қаңтарынан бері Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі болды.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

45 жыл бұрын (1978) ҚР Жоғары Аудиторлық палатасының мүшесі Расул Нұрланұлы РАХИМОВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында туған.

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін (2000), Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін (2002), Браденбург техникалық университетін (2004), Оксфорд университетін (2006) тәмамдаған.

Индустрия министрлігінің жүйесінде, БҰҰДБ-ның қоршаған ортаны қорғау және энергетика бағдарламаларының үйлестірушісі, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Орнықты даму департаментінің басшысы, Ұлттық инновациялық қордың басқарушы директоры қызметтерін атқарды.

2018 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2021 жылдан 2022 жылға дейін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болды.

Қазіргі қызметін 2022 жылдың желтоқсан айынан бері атқарып келеді.


Сондай-ақ бүгін

162 жыл бұрын (1861-1933) қазақтың халық композиторы, күйші, қазақ домбыра мектебінің негізін салушылардың бірі Сейтек ОРАЗАЛЫҰЛЫ дүниеге келген.

Батыс Қазақстан облысында туған. Бала күнінен музыкаға қабілетін байқатты. Домбыра тартуды өз ағасы Сұлтанғалидан үйренді, күй орындауды Дәулеткерейдің шәкірттерінен үйренді. «Арпалыс», «Орғытпа», «Шәрипа», «Бес қыз», «Жантаза», «Қарашаш», «Қанатым», «Көкала ат» т.б. күйлері бар. Еркіндік идеялары үшін қуғынға ұшырады. Орда, Иркутск, Қарабайлы, Астрахан, Мәскеу түрмелеріне қамалды. Революцияшыл орыс жұмысшылармен байланысы бар деген айыппен саяси сенімсіз адам ретінде Сібірге айдалды. Осы кезде «Айдау», «Түңілдім», «Арман» күйлері туды. 1905 жылы елге оралды. «Жоқтау», «Ғазиз», «Мең-зең» «Сары дала» күйлері осы кезде туды. 1905 жылғы революцияға арналған «Жігер», 1916 жыл оқиғаларына үн қосқан «16 жыл» күйлері бар. Сейтек шығармаларының шыңы – «Заман-ай» күйі, Октябрь революциясы оны «17 жыл», «Еркіндік», «Партсъезд» күйлерін шығаруға жігерлендірді. А. Затаевич Сейтек күйлерін «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына енгізді. Тәкен Әлімқұловтың «Сейтек сарыны» повесі Сейтектің өмірі мен шығармашылығына арналған. Сейтектің көптеген күйлері Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің репертуарында.