29 үкімет мүшесінің 18-і миллионер

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда 29 үкімет мүшесінің 18-і миллионер. Бұл туралы Wealth-X консалтинг компаниясының рейтингіне сүйене отырып The Telegraph агенттігі хабарлады.

Онда британдық министрлердің жалақысы, акциялары, меншігіндегі дүниелері жан-жақты тізімге алынған, деп жазады «Айқын» басылымы.

Премьер-министр Дэвид Кэмерон бай министрдің қатарында сегізінші орында тұр. Сарапшылар оның активтерін 3,8 миллион фунт стерлингке бағалады. Ал әйелі екеуінің табысын қосқанда байлығы 25 миллион фунттан асуы мүмкін көрінеді. Алайда Кэмерон мырзаның бас­пасөз хатшысы бұл деректерді жоққа шы­ғарып, отбасында екі үй ғана бар деген мә­ліметті келтірді.

Британ үкіметіндегі қалталы шенеу­нік­тің бірі - лордтар Палатасының жетек­шісі Стратклайд. Бұл кісінің есепшотында 9,5 миллион фунт қаражат бар. Екінші орында қорғаныс министрі Филипп Хэм­монд 8,2 миллион фунт. Үшінші орында мәдениет, баспасөз және спорт министрі Джереми Хант және сыртқы істер ми­нистрлігінің бас­шысы Уильям Хейг тұр. Олардың бай­лығы әрқайсысынікі 4,8 миллион фунтты құрайды.