11.00-де «Астана Опера» театрында Президенттік республикалық шырша мерекесі өтеді.
11.00-де Астананың № 68665 әскери бөлімінде ҚР Қарулы күштері құрлық әскерлеріне қарасты аталған бөлімнің 1000 әскери қызметшісі 24 шақырымдық марш жасайды.
12.00-де «Рэдиссон» қонақ үйінде «Айдаһарды қалай үйретуге болады» ертеңгілік-ертегісі қойылады.
15.00-де елордалық ассамблеяның ұйымдастыруымен Достық SOS балалар ауылының, әлеуметтік осал топтың балаларына, сонымен бірге ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған жаңажылдық қайырымдылық шыршасы өтеді.
16.00-де Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында «Jana jyldyk shytyrman» спектаклі көрсетіледі.