29 желтоқсанда болатын маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН
9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және балық шаруашылығын дамыту көрсеткіштері қаралады.
Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.
10.00-де Сенаттың кезекті отырысы болады. Сенат отырысы палатаның www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.
17.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы музейінің автотұрақ аумағында ашық аспан астындағы мұз айдыны ашылады.
АЛМАТЫ
12.00-де Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанова сайлау науқаны туралы онлайн брифинг өткізеді.
14.00-де Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен алдағы жоспары туралы онлайн брифинг өткізеді.