Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 күшейіп, екпіні 25-28 м/с-қа жетеді. Күндіз жер-жерлерде жел 15-20 м/с-қа жетіп, кейбір аудандарда боран соғып, көктайғақ болады.
Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аймақтарында тұман түсіп, жел 15-20 м/с-қа жетеді, Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең боран болады.
Қызылорда облысында, Ақтөбе облысында күндіз кейбір өңірлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді.
Павлодар, Ақмола облыстарында түнде және таңертең жер-жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейіп, арты боранға ұласады. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман басады.
Қарағанды облысында түнде кей аудандарда тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады.
Атырауда, Батыс Қазақстан облысында түнгі уақыттарда кей өңірлерінде көктайғақ болып, жел 15-20 м/с-қа жетеді.
Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с-қа күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында жер-жерлерде тұман түседі деп күтілуде.