Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.
Республиканың солтүстігінде, шығысында кейбір уақытта қатты жаңбыр жауып, 3 қыркүйек түнде елдің шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде Солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша жел күшейеді деп болжанып отыр. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік және шығыс аймақтарда тұман түсіп, топырақ бетінде 2 градусқа дейінгі үсік болады.
Сондай-ақ күндіз ауа температурасы біртіндеп төмендейді: елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында 8 15°С дейін, оңтүстігінде 20 28°С дейін төмендейді.