Күтпеген оқиға беделді Grand Hyatt атты бесжұлдызды қонақүйде орын алған. «Қар басқан таулар» картинасы жаңа қожайынның топтамасының сәніне айналмай жатып, қоқыстан бірақ шықты.
Қонақүйдегі бейнебақылау камералары бөлме жинаушы жұмыскердің келіп, картина салынған құтыны алып қоқысқа салып алып кеткенін бақылаған. Одан соң картина қоқысқа кеткен. Оқиға орнына келген полицейлер құнды жәдігерді сол күйі таба алмады.
Жалпы, суретші Цуй Жучконың картиналары зор сұранысқа ие әрі қымбат бағаға сатылады. Күні бұрынғы бәсаудада қытайлық суретшінің тағы бір «Қарлы пейзаж» атты карринасы 23,8 млн.долларға сатылған болатын.