Іс материалдарына сүйенсек, 14 қазанда сағат 01.30 шамасында Жітіқарада мас күйде болған С. «Лада 21723» маркалы автокөлігін басқарған.
««Азамат С. сол уақытта Ш.Уалиханов көшесі бойында «Мұнай» жанар-жағармай стансасына бағыт алып, көлік жылдамдығын шамадан асырады. Нәтижесінде жолдан өтпек болған жергілікті жедел жәрдем қызметкерлері 37 жастағы Б., 56 жастағы Ш. және 52 жастағы М-ны қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Кейін оны полицейлер қолға түсірді», -делінген облыстық соттың хабарламасында.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан алған жарақаттан үш адам Жітіқара аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды.
ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі, 347-бабы бойынша айыпталып отырған 23 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық істің қаралуы басталды.