НҰР-СҰЛТАН
10.00-де www.parlam.kz сайтында ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.
12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекеттік кірістер Комитетінің 2020 жылғы қызметінің қорытындылары туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикер: ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер Комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.
11.00-де ҚР Ішкі істер министрлігінде министрдің орынбасары Сәкен Сәрсеновтың қатысуымен «102 мобильдік қосымшаның функционалы» тақырыбында брифинг өтеді.
11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Адалдық алаңы» жобасы аясында облыстық, аудандық және ауылдық кітапханалар жанынан «Парасат жолы» өңірлік орталықтарының ашылуы өтеді.
16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысының елдегі эпидемиологиялық ахуал жөніндегі тапсырмаларын іске асыру туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикерлер: ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният, электрондық денсаулық сақтау департаментінің директоры Бейбіт Есенбаев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.
АЛМАТЫ
14.00-де Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде «2020 жылы Алматыдағы цифрлық жобаларды іске асыру және цифрландыру сапасын дамыту жоспарлары» тақырыбында онлайн-брифинг өтеді. Спикер: Алматы қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев.
16.00-де Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматыда азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу туралы онлайн-брифинг өтеді. Спикер: Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Фархат Құрманғажинов.