3 ақпанда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 3 ақпан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы басталады. Отырыс www.senate.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

11.00-де «Forte Kulanshi Art Space» галереясында «МЕТА-КЕҢІСТІК» көрмесінің ашылуына арналған брфиинг өтеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Жанар-жағармай материалдарын өндіру және бөлу жүйесін реформалау туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикер: ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube, Facebook.