3 ақпанда Қазақстанның батысында бұрқасынды болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 ақпанда Қазақстанның бүкіл аумағы бұрынғыша антициклон ықпалында болып, ауа райы ашық болады, кейбір аудандарда желдің 15-22 м/с-қа дейін күшеюі байқалады, тұман түседі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Республиканың батысында ғана атмосфералық ағындардың өтуімен кей жерлерде жауын-шашын болып, бұрқасындатады, желдің күші 15-202 м/с-қа жетеді.

Алматы облысында түнде таулы аудандарда тұман түсуі күтіледі, Жалаңашкөл ауданында желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі сақталады, ұйтқуы 25 м/с-қа дейін жетеді.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, түнде Қостанай, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Маңғыстау ауданында кей жерлерде желдің күші 17-22 м/с-қа дейін күшейіп, күндіз кей жерлерде тұман түседі.

Атырау облысында желдің күші 17-22 м/с-қа дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасындатып, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында кей жерлерде жаяу борасын болады, желдің күші 15-20 м/с.