ОСҚ төрағасы Нұрлан Әбдіровтің қатысуымен өткен жиында Сенат депутаты Бейбіт Исабаевтың және Мәжіліс депутаттары Берік Әбдіғалиұлы мен Саясат Нұрбектің өкілеттіліктерін тоқату туралы қаулылар қабылданды.
Сонымен қатар Берік Әбдіғалиұлы мен Саясат Нұрбектің ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Мәжіліске енгізілді.
Еске салсақ, 11 маусымда Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Ал Саясат Нұрбек ҚР Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды. Бейбіт Исабаев Жетісу облысының әкімі болды.