ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласының 32 жастағы тұрғыны үшінші қабаттан секірмек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Құтқару қызметіне Желтоқсан көшесі бойындағы тоғыз қабатты №11 «В» үйдің 3-қабатындағы пәтердің бірінен терезесінен 1987 жылы дүниеге келген әйелдің төменге секіруге бекініп тұрғаны туралы хабар түсті.
«Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, азаматшаға көмек көрсетті. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел құтқару жасағының құтқарушылары альпинистік құралдарды пайдаланды. Нәтижесінде құтарушылар терезе арқылы төртінші қабаттан төменге түсті. Сол арқылы олар суицид жасауға бекінген азаматшаны терезеден ішке қарай пәтерге кіргізді», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің маманы Айгүл Нұрманова.
Бұдан бұрын Қызылордада полицейлер 17 адамды өрттен құтқарып қалғанын хабарлаған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.