3 қаңтар. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 3 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 3 қаңтарға арналған күнтізбесін ұсынады.

3 қаңтар ЖҰМА

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

2 2 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында елшілер деңгейінде дипломатиялық қарым-қатынас орнату жөнінде бірлескен мазмұндамаға қол қойылды.

9 жыл бұрын (2005) Павлодарда Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевқа ескерткіш тақта орнатылды. М.Қайырбаев (1925-1996) - 1943 жылы Калинин және Беларус майдандарында полк, батареяны басқарған. Соғыс жылдары 2 рет Отан соғысы, Александр Невский ордендерiмен, медальдармен марапатталған. 1944 жылы 19жастағы қазақстандық Шауляй түбіндегі шайқасы үшін Кеңес Одағының Батыры атанды. Соғыстан кейiнгі жылдары да ерен еңбегі үшін екi рет Еңбек Қызыл Ту орденiмен марапатталған.

7 жыл бұрын (2007) Семей мемлекеттік университетінің жанындағы «ХХІ ғасыр және Шәкәрім әлемі» атты ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері зерттеулер жүргізу барысында қазақ ақыны және философы Шәкәрiм Құдайбердиевтiң өмірбаянының осы уақытқа дейін белгiсiз болып келген айғақтарын тапты. Ғалымдар Шәкәрiмнің ұлы Зият ақын және режиссер болғаны туралы куәландыратын құжаттар тапты. Ол Қытайда өмiр сүрiп және жұмыс iстеген және сол жерде қазақ мәдениетiн белсене насихаттаған. Сонымен бiрге оның жазған әндері де табылған.

7 жыл бұрын (2007) Парижде қазақтың танымал жазушысы, М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтың иегері Сәбит Досановтың «Белая Аруана» атты кітабы француз тілінде жарық көрді. Кітаптың алғы сөзін көрнектi әдеби сыншы Альбер Фишлер жазды. Аудармасын жасаған белгiлi француз аудармашысы Анри Авриль. 1 6 жыл бұрын (1996) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік автоинспекциясы атауы Жол полициясы болып өзгертілді.

8 жыл бұрын (2006) Әзербайжанда жаңа ақшалар айналымға енгізілді. Олар - әрқайсысы 5 мың ескі ақшаға тең деноминацияланған (ірілендірілген) манаттар. Ақшаны ірілендіру туралы шешім 2005 жылдың ақпан айында қабылданған еді.

6 жыл бұрын (2008) Варшавадағы Қазақстанның Елшілігі қоғамға және поляктардың жас буын өкілдеріне ортаазиялық брыс және Қазақстан туралы көркем суреттермен безендірілген кітаптың компакт-дискісін алғаш рет басып шығарды. Бірінші таныстырылым «Менің Қазақстаным» («Moj Kazachstan») деп аталады, онда Қазақстан Республикасының мәдени мұрасы, тарихи ескерткіштердің әсерлі фотосуреттері, әдебиет және музыка өнерінің белгілі қайраткерлері, Қазақстандағы 130 ұлттың киімдері, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басқа республикалардың басшыларымен халықаралық кездесулері, Астана және Алматы қалалары туралы толық ақпарат 142 слайдта бейнелденген. Екінші таныстырылым «Қазақстанның инвестициясы» («Inwestycje w Republice Kazachstanu»), ол Қазақстан Республикасының инвестициялық және инновациялық жобалары, экономикалық ахуалы, экономикалық саясаты туралы толық ақпарат беретін 22 слайдтан тұрады.

ЕСІМДЕР

11 1 жыл бұрын (1903-1972) орыс жазушысы БЕК Александр Альфредович дүниеге келді. Ресейдің Саратов қаласында туған. Азамат соғысына және Ұлы Отан соғысына қатысқан. Жазушының алғашқы очерктері дивизиялық газетте жарияланған. Ал тұңғыш көркем шығармаларының бірі «Курако» повесі 1934 жылы жарық көрген. Оның «Бір түннің оқиғасы», «Влас Лесовик» повестері, «Жас адамдар», «Жаңа қызмет» романдары бар. Қаламгердің шоқтығы биік туындыларының бірі - Ұлы отан соғысының ауыр кезеңін, 1941 жылы Мәскеуді қорғаушылардың қаһармандық ерлігін баяндайтын «Волоколамск тас жолы» атты шығармасы. Туындының бас кейіпкері - қазақ халқының даңқты батыр ұлы, сол кездегі батальон командирі, аға лейтенант Бауыржан Момышұлы. Шығармада Момышұлының ұлттық мінезі мен қаһармандық іс-әрекеті терең ашылып, көркем шешімін тапқан. Роман қазақ тілінде «Арпалыс» деген атпен басылып шыққан. Сонымен қатар француз, неміс, араб, итальян, португал, испан, грек, финн тілдеріне тәржімаланып, әлемнің түпкір-түпкіріне кең тараған.

8 5 жыл бұрын (1929-2007) философия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі АМАНТАЕВ Бәкет Амантайұлы дүниеге келді. Ақмола облысында туған. Алматы заң институтын бітірген. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында, Абай атындағы қазақ мемлекеттік педагогикалық институтында сабақ берген. 1959 жылдан Қазақстан ғылым академиясы Философия және құқық институтының аға ғылыми қызметкері, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері қазақ шаруаларының әртүрлі кезеңдердегі қоғамдық-саяси белсенділігі, рухани жетілуі, философиялық сыны, нарықтық экономикаға көшудің этнопсихологиялық аспектілері мәселелеріне арналған. Әсіресе қазақ еңбекшілері сана-сезімінің жаңа заман өзгерістеріне сәйкес даму, қалыптасу кезеңдері және олардың өзіндік ерекшеліктері туралы зерттеулері философия ғылымына қосылған елеулі дүниелер қатарына жатады. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

8 5 жыл бұрын (1929-1989) айтыс ақыны ОМАРОВ Көпбай дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында туған. Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы педагогикалық институтты бітірген. Ұстаздық қызметі 1950 жылдан басталып, Берен ауылындағы орта мектепте өмірінің соңына дейін ұстаздық етті. Бұл мектеп қазір Омаров есімімен аталады. 1964 жылы Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының ақындары қатысқан айтыста 1-ші орын алды. Бұдан кейінде талай айтыстардың жеңімпазы болды. Ол нағыз суырып салма ақын әрі асқақ үнді әнші. Тайжан, Нартай дәстүрін жалғастырып, жезсырнайға әсем үнін қосқан Омаров музыка аспаптарында шебер ойнады. Сүгірдің «Қаратау шертпесі» мен «Бозінген» күйлерін нақышына келтіре орындады. Ақын 1989 жылы мамыр айыңда Өзбекстан мен Қазақстан ақындары арасында өткен айтысқа қатысты.

11 4 жыл бұрын (1900-1974) ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстандағы ортопедиялық-травматология негізін салушылардың бірі ЭДЕЛЬШТЕЙН Григорий Львович дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Украинаның Днепропетровск облысында туған. Ресейдегі Томск мемлекеттік университетін бітірген. 1958 жылдан Қазақстанда тұрып, Алматы мемлекеттік медициналық институтының кафедра меңгерушісі, Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің бас травматологы болған. 1964-1974 жылдары Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институты травматология және ортопедия кафедрасының меңгерушісі, ғылыми кеңесшісі қызметтерін атқарған. Негізгі ғылыми еңбектері сүйек пластикасы (өз сүйегін өзіне, сондай-ақ өзгенің сүйегін жамау) мәселелеріне арналған.

6 4 жыл бұрын (1950-2008) еркін күрестен, самбо, қазақша күрестен спорт шебері БАЙМҰҚАШЕВ Сейдәлім Мұқанбайұлы дүниеге келді. Алматы облысында туған. Еркін күрестен, самбо күресінен Қазақстан чемпионы. Қазақша күрестен XV, XVI Қазақстан Спартакиадаларының чемпионы. Еркін күрестен ауыл спортшылары арасындағы КСРО чемпионатына қатысқан. 1979 жылы еркін күрестен Ұлан-Батырда (МХР), Ташкентте (Өзбекстан) Орталық Азия жүлдесіне өткізілген Халықаралық турнирлердің жеңімпазы. 5 8 жыл бұрын (1956) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары, 3-дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі ИСАЕВ Нұрмаханбет Молдалыұлы дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысының Бөген (қазіргі Ордабасы) ауданындағы Бадам стансасында дүниеге келген. 1978 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін аяқтаған. 1978-1995 жылдары - Жамбыл облысының Жамбыл ауданы прокуратурасында тағылымдамашы, тергеуші, Жамбыл облысы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Мерке ауданының прокуроры, Шу қаласының прокуроры. 1995-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың заңдылығын қадағалау жөніндегі басқарма бастығы, тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау жөніндегі басқарма бастығы. 1997 - 2000 жылдары - Алматы облысы прокурорының орынбасары, Бас прокуратура Құқықтық статистика және ақпарат орталығы бастығының бірінші орынбасары. 2001 жылдан бастап -Бас Прокурордың аға көмекшісі, Тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау департаменті бастығының орынбасары, Тергеу топтарына басшылық жасау жөніндегі арнайы прокурорлар басқармасының бастығы, Жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы. 2002 - 2006 жылдары - Алматы қаласы прокурорының орынбасары, Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары. 2006 - 2009 жылдары - Павлодар облысының прокуроры. 2010 - 2011 жылдары - Бас прокуратураның Тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы. 2011 жылдың қыркүйегінен - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары. Сыныптық шені - 3-ші дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі. Прокуратураның құрметті қызметкері. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл» мерейтойлық медельдарымен, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медальімен марапатталған. 5 2 жыл бұрын (1962)»Қазкоммерцбанк» АҚ басқарма төрайымы ЖҮСІПОВА Нина Аронқызы дүниеге келді. Көкшетау облысы Красноармейск ауданы Тайынша стансасында туған. Алматы халық шаруашылығы институтының өнеркәсіпті жоспарлау факультетін үздік бітірген (1983), мамандығы «өнеркәсіпті жоспарлау». 1983 жылдан - ҚазКСР ІІМ инспектор-бухгалтері , аға инспектор-бухгалтері , аға экономисі . 1991 жылдан - «Қазақстан» республикалық құрылыс биржасының бас бухгалтері . 1994 жылдан - Экономикалық талдау басқармасының бастығы, Қазкоммерцбанктің бас бухгалтері - «Қазкоммерцбанк» ААҚ басқармасының төрағасының орынбасары. 1996 жылдан - «Қазкоммерцбанк» ААҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары. 2002 жылдан - «Қазкоммерцбанк» АҚ басқармасының төрайымы. «Қазақтелеком» ААҚ Директоралар кеңесінің (1998-2002); «Ұлар Үміт» ЖЗҚ» АҚ Директоралар кеңесінің (1998 жылдан) мүшесі. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалімен марапатталған. Шығыс Еуропа аумағында ең жақсы үш әйелге жыл сайын берілетін «Бизнестегі әйелдер» Еуропалық қайта құру және даму банкінің сыйлығына ие болған (2004).

40 жыл бұрын (1974) ҚР ІІМ Академиясының бокс және дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы МӘЗІМБАЕВ Марат Кененбайұлы дүниеге келді. Жамбыл облысында туған. Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын және ҚР ІІМ академиясының заң инстиутын бітірген, мамандықтары: дене тәрбиесі оқытушысы, бокстан жаттықтырушы, заңгер. ІВА нұсқасы бойынша 52,2 келі салмақта кәсіби бокстан әлем чемпионы (2005, 2007). Жамбыл облысының Қордай ауданының құрметті азаматы.

61 жыл бұрын (1953) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Қ АРЖАУБАЕВ Аслан Жұмағалиұлы дүниеге келді.

Семей облысында туған. Семей зооветеринарлық институтын бітірген. 1975 жылдан - Жаңасемей аудандық ветеринарлық стансада веттехник. 1976 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Жаңасемей аудандық комитетінің хатшысы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы. 1981 жылдан Семей облысы Жаңасемей аудандық халық депутаттары атқару комитетінің жауапты хатшысы, аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі. 1988 жылдан - «Қазақкәбіл» зауыты бірінші бөлімінің бастығы, «Торғын» және «Тайер» шағын кәсіпорны директорының орынбасары. 1998 жылдан - ҚР көші-қон және демография агенттігінде бас маман, этникалық көші-қон бөлімінің бастығы, төрағаның кеңесшісі, басқарма бастығы, 2004 жылдан Көші-қон басқармасының бастығы, 2009 жылғы қазаннан - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті төрағасының орынбюасары. 2010 жылдан - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек және халықты жұмыспен қамту департаменті директорының орынбасары.

138 жыл бұрын (1876-1960) ГДР социал-демократиялық, кейіннен коммунистік партиясының саясаткері, ГДР-дің алғашқы және бірден-бір президенті Фридрих Вильгельм Рейнхольд ПИК дүниеге келді.

5 8 жыл бұрын (1956) американдық актер, режиссер, сценарист және продюсер Мэл ГИБСОН дүниеге келді. 12 2 жыл бұрын (1892 -1973) ағылшынның фэнтези жанрындағы жащзушысы, «Хоббит» және «Сақина әміршісі» кітаптарының авторы Джон ТОЛКИЕН дүниеге келді. 4 5 жыл бұрын (1969) «Формула-1» жарысының атақты жүргізушісі Михаэль ШУМАХЕР дүниеге келді.