119 жыл бұрын (1900-1974) ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстандағы ортопедия-травматология негізін салушылардың бірі Григорий Львович ЭДЕЛЬШТЕЙН дүниеге келді.
Ұлы Отан соғысына қатысқан. Украинаның Днепропетровск облысында туған. Ресейдегі Томск мемлекеттік университетін бітірген. 1958 жылдан бастап Қазақстанда тұрып, Алматы мемлекеттік медицина институтының кафедра меңгерушісі, Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің бас травматологы болған. 1964-1974 жылдары Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институты травматология және ортопедия кафедрасының меңгерушісі, ғылыми кеңесшісі қызметтерін атқарған.
Негізгі ғылыми еңбектері сүйек пластикасы (өз сүйегін өзіне, сондай-ақ өзгенің сүйегін жамау) мәселелеріне арналған.
56 жыл бұрын (1963) Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің құқық қорғау жүйесінің бөлім меңгерушісі Алексей Дмитриевич КАЛАЙЧИДИ дүниеге келген.
Ол Фрунзе политехника институтын (1985); КСРО ІІМ Жоғары курсын (1990); Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (2008) бітірген.
Еңбек жолы: Қырғыз КСР Тоқмақ қаласы №93 арнайы басқармасының шебері, Шымкент қаласындағы мемлекеттік жобалау институтының инженері (1985 жылдан); Шымкент облысы Абай АІІБ қылмыстарды іздеу жедел өкілі (1990 жылдан); Оңтүстік Қазақстан облысында және ІІМ орталық аппаратында инспектор, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы; ІІМ заң қызметін, сондай-ақ жеке құрам жөніндегі инспекциясын басқарған (2005-2006); Жамбыл облыстық ІІД бастығының тәрбиелік және кадрлармен жұмыстар жөніндегі орынбасары (2006-2008); ҚР Президенті әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлім меңгерушісінің орынбасары (2008-2016).
Қазіргі лауазымына 2016 жылғы маусымда кіріскен.
«Құрмет» орденімен (2012), 5 мерейтойлық медальмен марапатталған.
54 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы Марат Алмасұлы ӘЗІЛХАНОВ дүниеге келген.
Қызылорда облысының Қазалы қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін емдеу ісі (1988) мамандығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясын құқықтану мамандығы бойынша (2000) бітірген.
Еңбек жолы: Қызылорда қаласында дәрігер-хирург, (1988-1992); Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет атқарды (1992-2011); Қазақстан Республикасы Дін істері жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары (2011-2013); Қазақстан Республикасы Дін істері жөніндегі агенттігінің төрағасы (2013-2014); Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт вице-министрі (2014-2016).
Қазіргі лауазымын 2016 жылғы қазаннан бері атқарып келеді.
«Құрмет» орденімен (2016); ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызмет үшін» (2003), ІІ дәрежелі «Мінсіз қызмет үшін» (2007), «Жауынгерлік ерлігі үшін» (2009), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016) медальдарымен; Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған (2001). Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты берілген (2010).
49 жыл бұрын (1970) Қарағанды облысы Қазыбек би ауданының әкімі Татьяна Николаевна ШАТОХИНА дүниеге келді.
Екі жоғарғы білімі бар: 1993 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқарманың Ұлттық жоғарғы мектебін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1987 жылы Қарағанды педогогикалық институты психология кафедрасының лаборанты қызметінен бастаған.
1990-2002 жылдар аралығында мемлекеттік қызметте болған. Киров ауданында идолог-маман, әлеуметтік қорғау бойынша маман, ішкі саясат бойынша бас маман, содан соң осы ауданның мәдениет, спорт дәне жастар ісі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. Ленин және Совет аудандары әкім аппаратының әлеуметтік және қоғамдық-саяси жұмыстары жөніндегі бөлімнің меңгерушісі болған.
2002-2005 жылдар аралығында санатын жоғарылату және облыстағы білім қызметкерлері мен мемлекет қызметкерлерін даярлайтын облыстық институтында аға оқытушы, содан соң мемлекеттік қызмет басқармасы кафедрасының проректор-меңгерушісі болды.
2005 жылдан бастап «Мемлекеттік қызметкерлердің санатын жоғарылату және алдын ала даярлау аймақтық орталығы» КМҚК директоры қызметін атқарып келді.
2013 жылы этноаралық бірлік пен рухани келісімнің нығаюына елеулі үлес қосқаны үшін Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрмет грамотасымен марапатталды.
Қазіргі қызметін 2014 жылдың қараша айынан бері атқарып келеді.