3 қаңтар. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 3 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Фото: Kazinform

ЕСІМДЕР

61 жыл бұрын (1963) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алексей Дмитриевич КАЛАЙЧИДИ дүниеге келген.

Ол Фрунзе политехника институтын (1985); КСРО ІІМ Жоғары курсын (1990); Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (2008) бітірген.

Еңбек жолы: 1985 жылдан Қырғыз КСР Тоқмақ қаласы №93 арнайы басқармасының шебері, Шымкент қаласындағы мемлекеттік жобалау институтының инженері. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1990 жылдың сәуірінен Шымкент облысы Абай АІІБ қылмыстық іздестіру бөлімшесінің жедел уәкілі болып бастаған. 1990-2005 жылдары ішкі істер органдарында әртүрлі орта және аға басшылық құрам лауазымдарында қызмет атқарған. 2005-2009 жылдары Министрліктің орталық аппаратында басшылық лауазымдарда қызмет еткен. 2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасы ІІМ Заң басқармасының бастығы; 2006 жылдың ақпаны мен шілдесі аралығында – ІІМ Заң департаменті бастығының орынбасары; 2006 жылдың шілдесі мен қазаны аралығында – ІІМ Кадр жұмысы департаменті Жеке құрам жөніндегі инспекцияның бастығы қызметінде болды. 2006-2008 жылдары Жамбыл облысы ІІД бастығының тәрбие және кадр жұмысы жөніндегі орынбасары, 2008-2009 жылдары ІІМ Заң департаментінің бастығы, 2009-2016 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің инспекторы, сектор меңгерушісі, құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2016-2019 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі, 2019-2021 жылдары ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары, 2021-2023 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

Қазіргі лауазымын 2023 жылғы қыркүйектен бері атқарып келеді.

«Құрмет» орденімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.

59 жыл бұрын (1965) Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Алмасұлы ӘЗІЛХАНОВ дүниеге келген.

Қызылорда облысының Қазалы қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін емдеу ісі (1988) мамандығы; ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясын құқықтану мамандығы бойынша (2000) бітірген.

Еңбек жолы: 1988-1992 жылдары Қызылорда қаласында дәрігер-хирург, 1992-2011 жылдары ҚР ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет атқарды, 2011-2013 жылдары ҚР Дін істері жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары, 2013-2014 жылдары ҚР Дін істері жөніндегі агенттігінің төрағасы, 2014-2016 жылдары ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі, 2016-2018 жылдары ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы, 2018-2019 жылдары ҚР Қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы, 2019-2021 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.

Қазіргі лауазымын 2021 жылғы сәуірден бері атқарып келеді.

«Құрмет» орденімен (2016); ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызмет үшін» (2003), ІІ дәрежелі «Мінсіз қызмет үшін» (2007), «Жауынгерлік ерлігі үшін» (2009), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016) медальдарымен; ҚР Құрмет грамотасымен марапатталған (2001). Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты берілген (2010).

51 жыл бұрын (1973) VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Нұргүл ТАУ дүниеге келді.

1995 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығы бойынша бітірген. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген. 2011-2014 жылдары «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратураны бітірген, мамандығы: Білім саласындағы басқару (MA in Education, University of Sheffield, United Kingdom). 2021-2022 жылдары «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен, мамандығы: Мемлекеттік басқару (Internship program, Sol Price School of Public policy, University of Southern California, USA).

Еңбек жолын Алматы қаласы, Қазақстан-Ресей инженерлік-экономикалық колледжінің оқу бөлімінің әдіскері, оқытушысы ретінде бастады. 2000-2002 жылдары Алматы қаласы, Қазақстан-Ресей инженерлік-экономикалық колледжінің кадр бөлімінің инспекторы, 2006-2008 жылдары Алматы қаласы Білім департаментінің тәрбие жұмысы бөлімінің бас маманы, 2008-2015 жылдары Алматы қаласы Білім басқармасының адамгершілік-рухани тәрбие және өзін-өзі тану бөлімінің бас маманы, 2015-2021 жылдары Алматы қаласы Білім басқармасының адамгершілік-рухани тәрбие және өзін-өзі тану бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2022-2023 жылдары Алматы қаласы Білім басқармасының тәрбие және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы.

Қазіргі қызметін 2023 жылдың наурыз айынан бастап атқарып келеді.