3 қарашада әлемдік мұнай бағасы сәл өсті

АЛМАТЫ. KAZINFORM — 3 қарашасейсенбі күні сауда-саттықтың алғашқы кезеңінде әлемдік мұнай бағасы өсті.

Фото: ParsToday

Oilprice.com мәліметінше, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 104,85 доллар болды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,08 долларға немесе 0,08%-ға жоғары.

3 қараша күні таңертең WTI маркалы мұнай фьючерстері бір баррелі 96,73 доллар деңгейінде саудаланды. Оның бағасы 0,27 долларға немесе 0,28%-ға өсті.

Ал ресейлік Urals мұнайының бағасы 1,82 долларға немесе 1,77%-ға төмендеп, бір баррелі 101,12 доллар болды.

Мұнай бағасының өсуіне Таяу Шығыстағы қақтығыс та әсер етіп отыр. Соның салдарынан Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелер қозғалысы айтарлықтай қысқарған. Жағдай шиеленіскенге дейін бұл бұғаз арқылы әлемдік мұнай мен табиғи газ жеткізілімінің шамамен бестен бір бөлігі тасымалданатын.
Иран Ислам революциясы сақшылары корпусының (ИИРСК) әскери-теңіз күштерінің мәліметінше, 25 қазаннан бері Ормуз бұғазында ережені бұзған 11 танкер өртенген. Олардың кейбірі суға батқан.

Еске салайық, қарашаның басы мұнай бағасының төмендеуімен басталған еді.