3 қазан елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек атмосфералық фронттардың ықпалында болатын батыс және шығыс аумақтарда жауын жауып, найзағай ойнайды. Сондай-ақ республиканың кей жерлерінде күшті жел соғып, тұман түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Шығыс Қазақстан, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында 15-20 м/с екпінде жел күтіледі.

Жамбыл, Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, күндіз Манғыстау облыстарының кей аумақтарында найзағай болжанады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында күндіз жел 17-22 м/с күшейеді.

Сонымен қатар Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.