9.00-де EXPO Конгресс орталығында Kazakhstan Energy Week — 2023 (KEW-2023) / XV KAZENERGY форумы өтеді.
10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде өңдеу өнеркәсібін дамыту және жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері қаралады.
10.00-де 68665 әскери бөлімі базасында «Жас Сарбаз — патриоттар мекені» күзгі әскери-патриоттық ойындары өтеді.
11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында қазақстандық фотожурналистика негізін қалаушылардың бірі, белгілі фототілші Сайлау Пернебаевтың 85-жылдығына арналған «Ақ пен қара» фотокітабының таныстырылымы және мерейтойлық жеке шығармашылық фотокөрмесінің ашылуы өтеді.
10.00-де «Rixos President Astana» қонақ үйінде «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы «Ұлт рухының ұясы — Ауыл ана» атты «Ауыл» әйелдерінің I Республикалық жиынын өткізеді.
Аталған шараға еліміздің барлық өңірінен онлайн және офлайн режимде өздерін отбасында ғана емес, кәсіби және шығармашылық қызмет пен бизнесте де танытқан 300-ге жуық қыз-келіншек қатысады.
11.00-де Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады.
11.00-де Қазмедиа орталығында Broadcasting / Cinema 2023 атты халықаралық гибридті көрме-конференциясы өтеді.
11.00-де Silteme баспасөз клубында (Достық көшесі, 3) «Байтақ» Жасылдар партиясы, экологиялық реттеу және бақылау комитеті қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беруді жарамсыз/заңсыз деп тану туралы сот талабы және «Арселор Миттал Теміртау» АҚ болат департаменті үшін қоғамдық тыңдау хаттамасы тақырыбында баспасөз конференциясын өткізеді.
11.00-де Астана қаласы коммуникациялар қызметінде «Тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану ережелері» туралы онлайн брифинг өтеді.
Спикерлер: Астана қаласы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Астана өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары Ержан Балабеков, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Астана өндірістік филиалының газбен жабдықтау және өткізу қызметінің бастығы Мұрат Бектібаев.
Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Fасеbook парақшасында тікелей эфирде өтеді.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Құрманғазы атындағы ХІІ республикалық халық аспаптарында орындаушылар конкурсы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикерлер: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет комитетінің төрағасы Сейітова Күміс Қарсақбайқызы; күйші, «Құрмет» орденінің иегері, Құрманғазы атындағы Республикалық конкурсының қазылар алқасы төрағасы Тоқтаған Айтжан Есенұлы; Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің директоры Қуанышев Медет Ермекқалиұлы.
15.00-де Астана қаласы коммуникациялар қызметінде «Психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» туралы онлайн брифинг өтеді.
Спикер: Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Мәлік.
Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Fасеbook парақшасында тікелей эфирде өтеді.