3 қыркүйек. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР
3 қыркүйек, СӘРСЕНБІ
Лаңкестікпен күрестегі ынтымақтастық күні. 2005 жылғы шілдеде Ресей Федерациясының Заңымен бекітілген.
Катар Мемлекетінің Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1971). Катар - Парсы шығанағының Катар түбегінде орналасқан мемлекет. Астанасы - Доха қаласы. Ресми тілі - араб тілі. Ақша бірлігі - Катар риалы. Мемлекеттің саяси құрылымы - абсолютті монархия. 1971 жылы Катар тәуелсіз мемлекет болып жарияланып, БҰҰ мен Араб мемлекеттері лигасына қабылданды. Қазақстан Республикасы мен Катар Мемлекеті арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы шілденің 1-інде орнатылды.
Тунисте тәуелсіздік қозғалысы күні.
1955 жылы маусым айында Франция елдегі тәуелсіздік алу мақсатында болған қозғалыстарға байланысты Тунис еліне тәуелсіздік алуына келісімін берген. Сол күннен бастап Тунисте тәуелсіздік қозғалысы күні аталып келеді.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
8 6 жыл бұрын (1928) Алматы округі құрылды. Оның құрамына 21 аудан (Ленин, Талғар, Шымкент, жаркент, Балқаш, т.б.) кірді. 1928 жылдың соңына қарай округте 33 өнеркәсіп жұмыс істеді. Округ 1930 жылы желтоқсанның 17-інде таратылды.
2 4 жыл бұрын (1992) ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «ҚР Президентінің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы туралы» Жарлығы жарық көрді.
1 6 жыл бұрын (1998) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Алматы облысы Қаскелең ауданының атауы Қарасай ауданы болып өзгерді.
9 жыл бұрын (2005) «Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясы мен Қазақ мәдени орталығының қолдауымен Нью-Йоркте белгілі қазақстандық суретші, кітап безендіру шебері Ғали Мырзашевтің көрмесі ашылды. Түрлі халықаралық байқаулардың лауреаты, Бүкілодақтық мемлекеттік кинематографистер институтының түлегі Ғали Мырзашев американдық өнер әуесқойларының назарына «Уақыт жолдары» деген атпен өз туындыларының топтамасын ұсынды. Қазақстанмен бейтаныс американдық өнерсүйер қауым ұлттық мәдениеттің байлығы мен өзіндік бейнесіне зор қызығушылық танытты.
7 жыл бұрын (2007) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен елордадағы халықаралық республикалық қазақ-түрік лицейі салтанатты түрде ашылды.
Мектепте керемет жабдықталған спортзал, бассейн, конференц- және акт залдары, кабинеттерге мультимедиа жабдықтары орнатылған. Мектеп 1 000 оқушыға есептелген. Гуманитарлық сабақтары қазақ тілінде, ал техникалық сабақтар ағылшын тілінде өтеді.
7 жыл бұрын (2007) Қазақстан тарихында тұңғыш рет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандық оқушылар үшін «Жаңа Қазақстан - жаңа әлемде» интерактивті сабағын өткізді. On-line режимінде өткен сабаққа республика бойынша мыңдаған оқушылар қатысты.
5 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола облысының Щучье ауданы Бурабай ауданы деп өзгертілді.
5 жыл бұрын (2009) Атырауда әлемдік мұнай индустриясы туралы бірінші қазақстандық «Мұнай: кеше, бүгін, ертең» атты кітаптың таныстырылымы өтті.
Осы ғылыми-танымал басылым мұнай туралы ғаламдық, әлемдік ауқымда біздің еліміздегі көмірсутек ресурстарын өнеркәсіптік өндірудің ғасырлық тарихын қамтитын қазақстандық автор жазған энциклопедиялық сипаттағы бірінші зерттеу жұмысы болып табылады.
Авторы - экономика ғылымдарының докторы, профессор, Минералдық ресурстар халықаралық академиясының, Халықаралық инженерлік академиясының және Еуразия экономикалық академиясының академигі Равиль Тәжіқараұлы Шырдабаев. Әр түрлі уақытта Украинада және Молдовада елші, Атырау облысы әкімшілігінің басшысы, Тәуелсіз Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібінің тұңғыш министрі қызметтерін атқарған.
ЕСІМДЕР
8 7 жыл бұрын (1927-1982) дирижер, Қазақстанның халық әртісі ОСМАНОВ Тұрғыт Сәдуақасұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Мәскеу мемлекеттік консерваториясын бітірген. 1957-1974 жлдары - Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері, 1974 жылдан - бас дирижері. А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай», М.Төлебаевтың «Біржан-Сара», «Амангелді» (Е.Брусиловксиймен бірге), Ж.Бизенің «Кармен», Дж.Вердидің «Аида», А.Хачатурянның «Спартак» операларына және басқа да шығармаларға дирижерлік еткен.
8 5 жыл бұрын (1929) филология ғылымдарының докторы, профессор, әдеби сыншы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ЕЛЕУКЕНОВ Шериаздан Рүстемұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Журналистік және ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысты. 1971-1986 жылдары Мемлекеттік баспа, полиграфия, және кітап саудасы комитетінің төрағасы. 1986-1988 жылдары - Әдебиет және өнер институтының директоры, 1988-1996 жылдары - осы институттың орыс әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер, оған қоса Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры.
«Қазақ романы және қазіргі дәуір», «Замандас парасаты», «Фольклордан роман-эпопеяға дейін», «Мағжан» сияқты ғылым еңбектердің, «Кітаптану негіздері», «Газет жанрлары», «Қазақ кітабының тарихы» және басқа да оқулықтардың авторы.
«Құрмет белгісі» орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.
7 5 жыл бұрын (1939-1991) қазақ-қыпшақтанушысы, ғалым-археолог АҚЫНЖАНОВ Сержан дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында қызмет істеді.
С.Ақынжанов «Қыпшақтар мен олардың ХІ - ХІІІ ғасырдың басындағы Хорезммен өзара саяси қатынастары» деген тақырыпта кандидаттық дессертация қорғаған. Отандық тарих, археология, ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениетіне арналаған елуден астам ғылыми еңбек жазды. «Ортағасырлық Қазақстан тарихындағы қыпшақтар» атты қыпшақтардың қоғамдық құрылысы, мемлекеттік құрылымдары мен мал шаруашылық түрлері жөніндегі көлемді еңбегі жарыққа шықты. Оңтүстік Қазақстан кешенді археология экспедициясына, Шульба, Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедицияларына, сондай-ақ Қазақстан археологиясы тарихында тұңғыш құрылған қазақ-американ халықаралық археологиялық-этнографиялық экспедициясына жетекшілік етті. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының археологиялық технология зертханасын басқарған.
9 4 жыл бұрын (1920-2004) жазушы, драматург, сценарист, режиссер МУХЛИСОВ Юсупбек дүниеге келді.
Шығыс Түркістанның Қашқар округінде туған. Шынжаң институтын бітірген.
1942 жылы Тарбағатай округтік Ұйғыр ұйымына режиссерлық қызметке шақырылған. «Ревизор», «Бай мен малай», «Екі байға бір қызметкер», «Аршин мал алан» сияқты шығармаларды сахнаға қойған. «Жалынды оттар» атты тұңғыш тарихи пьесасын жазған. 1957 жылы Үрімшіде шыққан «Садыр палуан» тарихи повесі кейін романға айналып, «Жазушы» баспасынан жарық көрген. 1960 жылдың аяқ шенінде Шығыс Түркістаннан Алматыға келіп, Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының ұйғыртану бөлімінде жұмыс істеген.
5 4 жыл бұрын (1960) ҚР Президентінің ҚР Парламентіндегі өкілдігінің бас инспекторы ЫСҚАҚ Әкім Әбдіқайымұлы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысында туған. М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтын, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Орта мектеп мұғалімі, «Лениншіл жас» газетінің меншікті тілшісі болды, жергілікті мемлекеттік органдарда қызмет етті. 1996-1999 жылдары - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. 1999-2004 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2004 жылы - «Отан» партиясы орталық аппаратының кеңесшісі. 2004 жылғы сәуірден қазіргі қызметінде.
6 3 жыл бұрын (1951) «Оралдың «Зенит» зауыты» АҚ бас директоры ВАЛИЕВ Вячеслав Хамзаұлы дүниеге келді.
Орал қаласында туған. Ленинград кеме жасау зауытын үздік бітірген, инженер-электр механигі. Арнайы техникалар бойынша өнертабыстары бар. 1968 жылы К.Е. Ворошилов атындағы машина жасау зауытында (2003 жылдан - «Оралдың «Зенит» зауыты» АҚ) жұмысшы. 1975 жылдан - инженер-конструктор, жетекші инженер-конструктор, механикалық бұйымдар секторының бастығы, бөлім бастығының орынбасары, бастығы, 1988 жылдан - бас конструктор, 1989 жылдан І дәрежелі Отан соғысы орденді К.Е.Ворошилов атындағы машина жасау зауытының директоры. 1991 жылдан - «Зенит» зауытының директоры. 1994 жылдан «Орал «Зенит» зауыты» ААҚ президенті. 2001 жылдан - «Орал «Зенит» зауыты» ААҚ бас директоры.
«Құрмет» (2005), орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» (1985), «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медальдарымен, «І дәрежелі «Шекара әскері үздігі» (2005), «Құрметті машина жасаушы» (2006), төсбелгісімен, «Ресейдің суасты күштері қуатын құрудағы жеке үлесі үшін» халықаралық күміс ескерткіш белгісімен, (2006). марапатталған. ҚР Құрметті инженері (2005).
13 9 жыл бұрын (1875-1951) австриялық инженер, немістің «Фольксваен» автомобилын жасаушы ПОРШЕФердинанд дүниеге келді.
10 9 жыл бұрын (1905-1991) американ физигі, Нобель сыйлығының лауреаты АНДЕРСОН Карл Дейвид дүниеге келді 5 3 жыл бұрын (1961) «Астана» университетінің ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР білім беру құрметті қызметкері ОҢҒАРБАЕВ Еркін Әнуарұлы дүниеге келді.
«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.
6 7 жыл бұрын (1947-2003) экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Минералдық ресурстар академиясының академигі ОСПАНОВ Хайролла Алтынбекұлы дүниеге келді.
Қарағанды қаласында туған. Тау-кен инженері, экономика ғылым докторы (1988). 1970 жылы Қарағанды политехникалық институтын (қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) бітірген. 1970-1972 жылдары - ассистент, 1972-1992 жылдары - Мәскеу тау-кен институтында аспирант, кіші, аға ғылым қызметкер, доцент, профессор. 1990-1991 жылдары - «Ростовкөмір» өндірістік бөлімі бас директорының (1990-1991), 1992-1994 жылдары - Қазақстан Сыртқы экономика байланыстар министрінің кеңесшісі, 1994-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Сауда және өнеркәсіп министрінің орынбасары, 1996-1997 жылдары - министрі, 1997-1999 жылдары - осы министрліктің департамент директоры болды.1999-2001 жылдары - ҚР Президенті көмекшісі хатшылығының бас сарапшысы. 2001 жылдан өмірінің соңына дейін «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының директоры қызметтерін атқарған. Медальмен, ҚР Президентінің Алғысхатымен марапатталған.