Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Алматы облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін, екпіні 23 м/с-ға дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 3 градус үсік жүреді.