«3 қызды жабылып сабаған»: Семей полициясы қылмыстық іс қозғады

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында дәмхана маңындағы төбелеске қатысты күдіктілер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: pexels

Әлеуметтік желіде Семейдегі дәмханалардың біріндегі төбелестің видеосы тарады. Онда «8 әйелдің 3 қызды жабылып сабағандары» жайлы жазылған.

Абай облыстық Полиция департаменті қазіргі уақытта төбелеске қатысқандардың кім екендігі анықталғанын мәлім етті.

«Аталған фактіге қатысты орталық полиция бөлімі ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының басталғанын хабарлайды. Тәртіп сақшылары жанжалға қатысқан 21-29 жас аралығындағы қала тұрғындарын анықтады. Бүгінде тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүргізілуде», - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Әзірге әйелдер арасындағы даудың неден туындағаны белгісіз.

Ведомство мәліметінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілмейді.