3 мамыр. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 3 мамыр күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
75 жыл бұрын (1950) Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі, мемлекет және саясат қайраткері Ғани Есенкелдіұлы ҚАСЫМОВ дүниеге келді.
КСРО Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген. Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты және Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің халықаралық бөлімінің меңгерушісі, Париж қаласында Қазақстан Республикасының сауда уәкілі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Кеден комитетінің төрағасы, Қаржы министрлігі Кеден комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. 1999 жылдың қазан айынан - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты - экология және табиғатты пайдалану мәселесі бойынша комитет мүшесі. 2000 жылдың қаңтарынан - Республикалық Ардагерлер және Қазақстан жастары спорты одағының төрағасы. 2000 жылдың маусымынан - Қазақстан патриоттары партиясының төрағасы. 2007-2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалған - Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. 2013 жылдың қазанынан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатындағы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің төрағасы.
2-дәрежелі «Достық», ТМД ПАА «Содружество» ордендерімен бес медальмен марапатталған. Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері.
65 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Жоғарғы аудиторлық палатаның мүшесі Михаил Михайлович БОРТНИК дүниеге келді.
Павлодар қаласында туған. Павлодар Индустриялық институтын бітірген. Еңбек жолын Ақтау пластмас зауытында шебер болып бастаған. 1985-1989 жылдары - пластмас зауыты комсомол комитетінің хатшысы, Шевченко қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. 1989-1998 жылдары - учаске бастығы, зауыттың бас энергетигі орынбасары, бас энергетик міндетін атқарушы. 1999-2008 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің коммуналдық шаруашылық, көлік, құрылыс, білім алу және денсаулық сақтау жөніндегі орынбасары, Маңғыстау облысы әкімінің құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық және энергетика жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2008-2012 жылдары Маңғыстау облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты - Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі (2012-2014), Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты - Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі (2014-2020). Республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (2020-2022).
Қазіргі қызметін 2022 жылдың қараша айынан бері атқарып келеді.
«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.
42 жыл бұрын (1983) VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Темір Базарбайұлы ҚЫРЫҚБАЕВ дүниеге келді.
Өзбекстан Республикасында туған. Астана қаласындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Сырдария университетін бітірген.
Еңбек жолы: 2008 жылы «Абучина» құрылыс компаниясы директорының орынбасары; «Таймас компаниясы» ЖШС, 2021 жылы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, облыстық мәслихаттағы мемлекеттік құқықтық мәселелер және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі, «АМАНАТ» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі.
2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
40 жыл бұрын (1985) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы Әли Алтай СЕМБЕКҰЛЫ дүниеге келді.
Жамбыл облысы, Жаңатас қаласында туған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірген (2008, 2012).
Еңбек жолы: «Рахат» Қазақстан-Аустриялық «Рахат» АҚ «Рахат Палас қонақ үйі» кәсіпорнының байланыс торабының қызметкері (2005-2006); United Bank Limeted Алматы қаласындағы өкілдігінің бас менеджері (2006-2010); «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ субсидиялау бөлімінің менеджері (2010-2011); «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ субсидиялау департаментінің менеджері (2011); Астана қалалық сотының бас маманы (2014-2015); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Сыртқы байланыстар басқармасының бас сарапшысы (2015-2016); Премьер-Министр Хатшылығының бас сарапшысы (2016 ж.); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің бас консультанты (2016 ж.); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімі бас инспекторының бас консультанты (2016-2018 жж.); Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы (2018-2019); Шымкент қаласының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы (2019-2021); Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары (2021-2023); Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы (2023).
2023 жылдың қарашасынан бері қазіргі қызметінде.