АСТАНА
Сағат 11.00-де Елбасы Ақордада Мемлекеттік сыйлық иегерлерін марапаттайды.
Сағат 11.00-де «Қазақстан» ОКЗ-да «Қазақконцерт» МКҰ директоры Жеңіс Сейдоллаұлы мен ұйымның эстрада бөлімінің жетекшісі Мөлдір Әуелбекованың қатысуымен «Жеңіс туы, желбіре» концертіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
Сағат 15.00-де Астана медициналық университетінде «Астана - адалдық алаңы» жобасының аясында Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі ұлттық бюроның өкілдерімен кездесу өтеді.
Сағат 15.00-де ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің медиа-орталығында «Аккредиттеу отандық өнімнің экспортталуына қалай ықпал етеді? Аккредиттеу саласындағы үрдістерді автоматтандыру» тақырыбында брифинг өтеді.
Сағат 15.50-де Мемлекеттік кірістер комитетінде «2018 жылғы заңнамалық өзгерістер: Салықтық берешектерді мәжбүрлеп өндіріп алу» тақырыбында брифинг өтеді.
Сағат 19.00-де «Астана Балет» театрында Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының қатысуымен «Астана би ырғағында» атты халықаралық балет фестивалінің ашылуы болады.
АЛМАТЫ
Сағат 10.00-де «Ұлы дала жастары» жобасының аясында «Білім - келешек жетістіктердің факторы» деген тақырыппен ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Сағат 11.00-де "Интерфакс-Казахстан"агенттігінің баспасөз орталығында Республикалық кәсіпкерлерге көмек орталығының баспасөз мәслихаты өтеді.
Сағат 11.00-де «Атакент» Қазақстан іскерлік серіктестік орталығы АҚ-да компанияның келешек жоспарлары мен бүгінгі жағдайы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
Сағат 11.00-де Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының 2017 жылғы жұмыстарын қорытындылайтын баспасөз мәслихаты өтеді.
Сағат 11.00-де «Рахат-Палас» қонақүйінде «Өкпе обыры» халықаралық конференциясының ашылуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
Сағат 12.00-де «Жеңімпаздар буыны» деректі фильміне арналған баспасөз мәслихаты болады.
Сағат 13.00-де Алматы автомеханикалық колледжінде «Айбын» әскери-патриоттық ойыны өтеді.
Сағат 19.00-де Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясымен бірлескен «Музыкалық палитра» жобасы таныстырылады.
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ
Сағат 18.30-да Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Елге арнау» атты жаңа өнер туындыларына арналған І республикалық композиторлар байқауы өтеді.
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
Сағат 11.00-де М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде «100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазақ тіліне аударылған кітаптарды таныстыру шарасы өтеді.
Сағат 15.00-де Шымкент қаласындағы өңірлік коммуникациялар қызметінде «Цифрлық эфирлік телерадио хабар таратуға көшу» тақырыбында баспасөз мәлихаты өтеді.
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
11:00-де Өскемендегі «Мемлекеттік архив» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтың 100-жылдығына арналған «Ер ерлігі ел есінде» атты фотоқұжаттық көрменің тұсаукесері өтеді.