9.00-да Конгресс орталықта Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мен Тәжікстан Премьер-Министрінің орынбасары Сулаймон Зиезоданың қатысуымен Қазақстан мен Тәжікстан бизнес-форумы өтеді.
9.30-да ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Түркі академиясы Әзербайжан халқының Жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің туғанына 100 жыл толуына арналған халықаралық конференция өткізеді.
10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.
11:00-де «Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Elorda Eco System қызметі туралы» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. https://www.facebook.com/rsk.astana01
13.00-де Maqsut Narikbayev University қоғамдық кітапханасында (Public Library) Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Жандос Жетібаевтың «Электрондық мәмілелер және электрондық дәлелдемелер» атты монографиялық еңбегінің презентациясы өтеді.
15.00-де Қазақстан футбол федерациясында ФИФА президенті Джанни Инфантиноның Қазақстанға сапары басталады.
15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «2023 жылғы вегетациялық кезеңге дайындық туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Гауһартас» музыкалық драмасы көрсетіледі.