3 мамырда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 3 мамырда күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

11.00-де ІІМ-де онлайн форматта брифинг өтеді. Брифинг тақырыбы: «Заңсыз сақталған қаруды сатып алу акциясы туралы». Спикер: Ыдырысов Асылбек Түлкібекұлы – ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы.

11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында журналист-публицист, «Astana aqshamy» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шеф-редакторы Төлен ТІЛЕУБАЙДЫҢ «Цифрлық жолайрық: Қазақстан газеттерінің бүгіні мен ертеңі» атты кітабының тұсаукесері өтеді. «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі «ELORDA AQPARAT» ЖШС-нің қолдауымен ұйымдастырған тұсаукесерге Парламент депутаттары, еліміздегі БАҚ басшылары, зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері және оқырман қауым қатысады.

12.00-де «AMANAT» партиясының баспасөз орталығында «Балалардың құқығын қорғау және балалар жылы аясында іс-шаралар жоспарын іске асыру мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» баспасөз маслихат өтеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ

баспасөз конференциясы. Тақырыбы: «ҚР Қарулы Күштеріне 30 жыл». Спикерлер: ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов; ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы генерал-майор Серік Бурамбаева. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

15.00-де Нұрлы-Орда БО-да Қазақстандық қоғамдық даму институтының алаңында «Sarap» эксперттік клубының «Референдум 2.0: эксперттік пікір» тақырыбында отырысы өтеді. Іс-шараны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұйымдастырады.

12.00-де Мажарстанның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі П.Сийартоның Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапары аясында екі мемлекеттің сыртқы істер министрлері баспасөзге мәлімдеме жасайды.