Кей жерлерде жаңбыр жауады, жел күшейіп, найзағай ойнады.
Ал батыс өңірлерге антициклонның тарамдары әсер етіп, күн жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
Атап айтқанда, Қостанай облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге, кей жерлерде 23 метрге күшейіп, таңертең және кешке тұман тұрады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы тау маңы өзендерінде су көлемінің ауытқуы байқалады. Жайық және СҚО аумағындағы Есіл өзендерінде және Еділ өзенінің атырауында көктемгі су тасқыны толқынының біртіндеп дамуы жалғасады.