3 маусым. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 3 маусым күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Фото: Pixabay

ЕСІМДЕР

48 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Ғабит Амангелдіұлы САДЫРБЕКОВ дүниеге келді.

Фото: Бас прокуратура

Ақмола облысында туған. 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолы: 2001 жылы Астана қаласы прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары қызметінде болды. Кейін Бас прокуратураның бөлім бастығы; Бас прокуратураның басқарма бастығы; Бас прокуратураның департамент бастығы; Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы институтының директоры; Алматы қаласы Алатау ауданының прокуроры; ҚР Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау және сот жүйесі бөлімінде жұмыс істеді; «Қазкоммерцбанк» АҚ бас банкінің проблемалық қарыздармен жұмыс жөніндегі департаменті директорының орынбасары; «Казкоммерцбанк» АҚ Алматы филиалы директорының портфель сапасын басқару жөніндегі орынбасары; «Банк РБК» АҚ проблемалық қарыздармен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры; «Цеснабанк» АҚ Басқарушы директоры; 2020-2021 жылдары «Tengri Bank» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі, 2021-2022 жылдары ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің аппарат басшысы, 2022-2023 жылдары ҚР Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарған.

2023 жылдың қазан айынан бастап қазіргі қызметінде.

46 жыл бұрын (1980) Qarmet Corporation компаниясының Экология және жерді пайдалану мәселелері жөніндегі уәкілі Ермек Қасымғалиұлы УМАРОВ дүниеге келді.

Фото: Instagram/ prokadrykz

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласында туған. 2001 жылы ҚР ІІМ Академиясын (өндірісті ұйымдастыру бойынша инженер), 2006 жылы Қ.Сәтбаев атындағы қазақ Ұлттық университетін (тау инженері-мұнайшы), 2009 жылы Бизнес халықаралық академиясын (магистр), 2013 жылы York University жоғарғы оқу орнын (іс әкімшілендіру доқторы) бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы ҚР ішкі істер органдарында бастады. 2004-2006 жылдары «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Ақтөбе қ. қауіпсіз техникасы және еңбек қорғау бойынша инженері, 2006-2008 жылдары «КаспийНефть ТМЕ» ЖШС Ақтөбе қ.бас техникалық басшысы, 2008-2010 жылдары Ақтөбе қаласы «КВ Petroleum» ЖШС бас директорының орынбасары, 2010-2012 жылдары Ақтөбе қ. «Sino Technicg Актобе» ЖШС бас директоры, 2012 жылы ҚР АШМ Ақтөбе ауыл шаруашылық басқармасы бөлім басшысының м.а., 2012 жылы «КЕН өнеркәсіп-қаржы тобы» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы, 2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің басшысы, 2013-2015 жылдары Манғыстау облысы бойынша экология департаментінің басшысы, 2015-2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің басшысы, 2019-2025 жылдары ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.

Қазіргі қызметін 2025 жылдың маусымынан бері атқарып келеді.

103 жыл бұрын (1923-2015) суретші және анимациялық кино режиссері, қазақ мультипликация өнерінің негізін қалаушы Әмен Әбжанұлы ҚАЙДАРОВ дүниеге келген.

Фото: facebook.com/adyrna.kz

Қарағанды облысында туған. Алматы көркемсурет училищесін, Мәскеудегі Кинематография институтының көркемсурет бөлімін бітірген. «Қазақстан әйелдері», «Ара» журналдары редакцияларында істеген. 1965 жылдан «Қазақфильм» киностудиясында қызмет атқарған. 1976-1981 жылдары Қазақстан Кинематографияшылар одағы басқармасының мультипликациялық кино және шығармашыл жастар арасындағы жұмыс жөніндегі хатшысы болған. 1967 жылы Қайдаровтың салған суреті бойынша «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмі жасалған. Аталмыш туынды Санкт-Петербург қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальде, Нью-Йорк қаласында өткен Халықаралық мультипликациялық фильмдер фестивалінде жүлдеге ие болған. Сондай-ақ оның «Ақсақ құлан», «Құйыршық», «Қожанасыр құрылысшы», «Жанар», «Күн сәулесінен пайда болған көжек», «Қырық өтірік», т. б. мультфильмдері бар.

«Парасат», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.