ОРАЛ. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті екінші деңгейдегі банк филиалдары бірінің несие офицері Ләззат Батырбековаға қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын.
Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған қызметкер 7 тұлғаның басқа банктер алдында өтелмеген несиелерінің барын анық біле тұра, банктің электрондық мәліметтер базасына клиент туралы бұрмаланған мәліметтер енгізу және бұрмаланған баға белгілері енгізілген СТН көшірмесін пайдалану арқылы, «жеке-қолма-қол ақша» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 3 млн. теңгеден астам кепілсіз несие берген.
Л.Батырбекованың қылмыстық іс-әрекетінің нәтижесінде банкке көрсетілген сомаға материалдық шығын келтірілді.
Орал қалалық сотының үкімімен Л.Б.Батырбекова ҚР ҚК 220-бабы 1-бөлімі (банктің бюджеттік ақшалай қаражатын заңсыз қолдану) бойынша кінәлі деп танылып, 200 айлық есептік көрсеткіш (282 мың теңге) көлемінде жаза белгіленді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).