«Денсаулық сақтау саласында қаржыландыру жеткіліксіз. Қаражат тапшылығының себептері айқын. Біріншісі – медициналық қызметтерді тұтынудың өсуі көбінесе медициналық-демографиялық көрсеткіштермен байланысты. Екіншісі - медициналық тауарларға, соның ішінде дәрі-дәрмектерге, медициналық бұйымдарға, шығын материалдарына инфляцияның өсуі. Үшіншісі - біз медицина қызметкерлерінің жалақысын көтердік және бұл өз кезегінде медициналық көмекке тарифтің құрылымында басым бөлігі болып табылады», - деп мәселе көтерді Тимур Сұлтанғазиев.
Ол ұсынған дерекке сай, дамыған елдерде денсаулық сақтау саласына бағытталған шығындар жалпы ішкі өнімнің 10,2 пайызына тең.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы экономикасы дамушы елдерде денсаулық сақтау жүйелерінің тұрақтылығы үшін ЖІӨ-нің 5%-дан 8%-ға дейін денсаулық сақтауға жіберуді ұсынады. Бұл мәселе тарифтердің нақты медициналық шығындарға сәйкес келмеуінен туындайды. Біздің елде МӘМС жарналары мен аударымдарының пайыздық мөлшерлемелері Чех Республикасы, Словакия, Молдова және Литва сияқты кейбір елдерге қарағанда айтарлықтай төмен», - дейді вице-министр.
Тимур Сұлтанғазиев атап өткендей, қазір 3 миллионнан астам қазақстандық МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған.