3 млн теңге пара алған Қостанай облысы бойынша МКД аға офицері ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның Қостанай облысы бойынша департаменті облыстың Мемлекеттік кіріс департаменті Экономикалық тергеу қызметі  Жедел Басқармасының бас маманы - аға офицер С. Қозбақовты әшкереледі.

С. Қозбақов қостанайлық адвокаттар алқасының адвокаты Е. Мұхамеджановтың делдалдық етуімен қылмыстық жауапкершілікке тартпағаны және жасаған қамқорлығы үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өңірлік филиалының өкілінен 3 млн теңге көлемінде пара алғаны анықталды.

Қазір ол Рудный қ. ІІБ УҰИ қамалды.

Сот алды тегеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Ұлттық бюроның баспасөз қызметі.