«ҚР Қаржы мониторингі агенттігі Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан азаматты әшкереледі.
Қылмыстық пиғылды іске асыру үшін 6 компания құрылған. Олардың жалпы айналымы 2019-2021 жылдар аралығында 3 миллиард теңгеден асты. Салдарынан мемлекет бюджетіне салық түрінде 1 миллиард теңгеден астам сома түспеген.
Қылмыстық істі тергеу аяқталып, сотқа жіберілді», - делінген ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінде.