3 мың гектар орман отқа оранды: Әдейі өртеген күдікті ұсталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Португалияда орманды әдейі өртеді деген күдікті ұсталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат euronews.com-ға сілтеме жасап.

Сенбі күні кешкісін елдің солтүстік-шығысында тұтанған алапатөрт 3 мың гектар орманды жалмады.

Хабарларға қарағанда, 20 адам зардап шеккен, соның 8-іөрт сөндіруші, қалғаны жергілікті тұрғындар.

Тұтас бір елді мекен эвакуацияланды.

Сұрапыл өртті сөндіруге мыңға жуық өрт сөндіруші, 240машина және 13 ұшақ тартылды.

Тіілісіз жау тек жексенбі күні ғана ауыздықталды. Ал оны толықтай сөндіру үшінЕуроодақтың арнайы қызметтері спутниктен алынған суреттерді беріп жатыр.