3 мың жыл бұрын жасалған күйме табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда көне екі доңғалақты күйме табылды. Ол осыдан үш мың жыл бұрын жасалған деген дерек бар.

Ғалымдардың айтуынша, арба жерлеу рәсім кезінде қайтыс болған адамдармен бірге көмілген, деп хабарлайды еgemen.kz. Бұрынғы кезде марқұмдармен бірге олардың сүйікті заттары да көмілетін болғаны белгілі. Осы арбаны көрген адамдардың айтуынша, ол лакпен боялып, жақсы сақталған. Сонымен бірге қазба жұмыстары кезінде арбаның жанынан жылқы мен қойлардың сүйектері де табылған. Шэньси Дин Яня провинциясы археологиялық институтының қызметкерлері құнды жәдігерді Батыс Чжоу династиясының кезінде жасалған деген болжам жасауда.