3 мыңға жуық тіл жойылу алдында тұр – БҰҰ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемнің байырғы тұрғындарының халықаралық күнінде БҰҰ адам құқықтары жөніндегі сарапшылары болашақ ұрпақ үшін тілдерді сақтауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҰҰ сайтында хабарланғандай, сарапшылар тілдердің 40 пайызы жойылу алдында тұр, яғни – 2 800тіл.

Әлемніңбайырғы тұрғындарының 7 мың тілі бар. Олардың кейбірінде тек бірнеше адам ғана сөйлейді, бірақ БҰҰ әрбір тіл дәстүрмен мәдениетті сақтап отырғанын атап өтті. Әлемнің байырғы тұрғындарыныңтілдері мәдениет пен саяси өзін-өзі анықтауда маңызды рөл ойнайды.

« Тіл –артықшылық емес, құқық», - дейді БҰҰ адам құқықтарының түрлі аспектілеріжөніндегі сарапшылар.

Олар осыонжылдықтың Әлемнің байырғы тұрғындары тілдерінің онжылдығы деп жарияланғанынеске салып, «10 жылдың ішінде осы тілдерге келтірілген тарихи залалдардыңсалдарын жойып, оларды болашақ ұрпақ үшін сақтауға болады» деп есептейді.

Соңғы жаңалықтар