«Қазіргі кезде үшінші деңгейдегі біліктілікті көтеру курсынан 236 жаттықтырушы мен 3043 мұғалім өтті», - делінген ведомство хабарламасында.
Аталған курс жалпы білім беретін мектептер мұғалімдерінің біліктілігін көтерудің аудиториялық және алыстан оқыту әдісімен үш кезеңде жүргізілетін Үш деңгейлі Бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.
Әр кезең бір айға созылады, біріншісінде оқыту көзделсе, екіншісінде мұғалімдер жүргізген сабақтарын бейне камераға жаза отырып, жаңа әдістемені игеру жөніндегі алған білімдерін іс жүзінде сынақтан өткізеді. Үшінші кезеңде игерілген материалды басқаларға таныстырады.
Біліктілікті көтеру курсынан бес жыл ішінде 120 мың мұғалім өтеді деп жоспарлануда. Жаңа біліктілік санаттарына байланысты педагогтер еңбекақыларының 30-дан 100% дейінгі көлемінде үстеме ақы алады. Сонымен қатар, орта мектептердің директорлық корпусының сапасын арттыру жөнінде де шаралар қолданылуда.