Шағымдардың ішінде 600-дан астамы тұрмыстық техникаға, 560-ы азық-түлік тауарларына, 455-і өнеркәсіп тауарларына, 270-і туризм мен әуе қызметтеріне, сондай-ақ 177-сі медициналық қызметтерге қатысты болған екен. Атап айтқанда, Тұтынушылар ұлттық лигасы 22 арыз бойынша сотқа жүгініп, оның нәтижесінде соттың шешімімен жалпы сомасы 11 млн. теңгені құрайтын талаптар қанағаттандырылды. Ал қалған шағымдар бойынша даулар соттан тыс медиация және басқа да жолдар арқылы шешілді.
«Тұтынушылардың ұлттық лигасы медиацияны дамыту бойынша белсенді жұмыс атқаруда. Былтырғы жылы аталған баламалы әдістің көмегімен Қазақстанда 12 мыңнан астам азаматтық істер өз шешімін тапты»,-делінген лига мәліметінде.