3 наурыз. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 3 наурыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Фото: ҚазАқпарат ХАА

59 жыл бұрын (1965) Парламент Сенатының депутаты Серік Жаманқұлұлы ШАЙДАРОВ дүниеге келді.

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде туған. 1990 жылы инженер-құрылысшы біліктілігі бойынша Қарағанды политехникалық институтын бітірді. 2001 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде экономист біліктілігін алды.

1990-1991 жылдары «Жезқазғанмелиорация» өндірістік құрылыс-пайдалану бірлестігінің өндірістік-технологиялық жинақтау басқармасының инженері, бөлім бастығы, 1991-1992 жылдары Жаңаарқа ауданы Атасу кентіндегі «Иртышканалстрой» тресінің өндірістік-технологиялық жинақтау басқармасының бас инженері, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, трест басқарушысының орынбасары, 1992-1994 жылдары Жаңаарқа ауданы Атасу кентіндегі «УПТК» ұжымдық кәсіпорнының төрағасы қызметінде болды. 1994-1996 жылдары Жаңаарқа аудандық әкімшілік басшысының орынбасары, 1996-1997 жылдары Жаңаарқа ауданы әкімінің бірінші орынбасары, 1997-2007 жылдары Жаңаарқа ауданының әкімі, 2007-2011 жылдары Нұра ауданының әкімі, 2011-2013 жылдары Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы қызметін атқарған. 2013-2014 жылдары Жезқазған қаласының әкімі, 2014-2017 жылдары Абай ауданының әкімі, 2017-2022 жылдары Қарағанды облысы әкімінің АӨК және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

2022 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Құрмет» Орденімен марапатталған.

59 жыл бұрын (1965) М. Дулати атындағы Тараз өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Мұхтар Қазбекұлы БАЙЖҰМАНОВ дүниеге келді.

Талдықорған (қазіргі Жетісу) облысында туған. І. Жансүгіров атындағы Жетісу педагогикалық институтын бітірген.

Еңбек жолы: 1989 жылы Алматы облысы Көксу ауданы мектебінде математика пәнінің мұғалімі, 1991-2000 жылдары Талдықорған мемлекеттік университетінің оқытушысы, аға оқытушысы, декан орынбасары, деканы, 1996-1997 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми қызметкері, 2000-2001 жылдары Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ аға оқытушысы қызметінде болды. 2001-2011 жылдары Білім және ғылым министрлігінің аппаратында қызметкер, 2012-2018 жылдары «Азаматтық авиация академиясы» АҚ ректоры, 2020-2021 жылдары Шәкәрім университетінің ректоры, басқарма төрағасы, 2021-2022 жылдары Қазақ технология және бизнес университетінің ректоры, басқарма төрағасы болып қызмет атқарған.

2022 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі қызметінде.

58 жыл бұрын (1966) Атырау мұнай өңдеу зауыты Бас директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі Сәлімжан Жұмашұлы НАҚПАЕВ дүниеге келді.

Атырау облысында туған.

Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша, Атырау мемлекеттік мұнай және газ институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1983-1989 жылдары «Саратовтрансгаз» ӨБ Мақат желілік-өндірістік басқармасы технологиялық компресорлар машинисі болды. 1984-1986 жылдары әскер қатарында болды. 1989-1992 жылдары Мақат аудандық атқару комитеті Экономикалық комитетінің аға экономисі, 1992-1995 жылдары «Максат» ЖК төрағасы, 1995-2000 жылдары Мақат ауданы әкімінің орынбасары, 2000-2003 жылдары Мақат ауданының әкімі, 2003-2005 жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы, 2003-2005 жылдары Жылыой ауданының әкімі қызметінде болды. 2006 жылы Атырау облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары, 2006-2009 жылдары Атырау қаласының әкімі, 2009-2010 жылдары
Атырау облысы әкімінің құрылыс, ТКШ, энергетика жөніндегі орынбасары, 2010-2012 жылдары Agip KCO менеджері, 2017-2021 жылдары «Ембімұнайгаз» АҚ басқарушы директоры, төрағаның орынбасары, басқарма мүшесі қызметін атқарған.
2021 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің мүшесі, 2021-2023 жылдары
ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің хатшысы болды.

Қазіргі қызметін 2023 жылдың маусым айынан бастап атқарып келеді.

«Құрмет», ІІІ дәрежелі Сергей Радонежский орденімен, медальдармен марапатталған.

41 жыл бұрын (1983) Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Батырбекұлы МУСИН дүниеге келді.

Павлодар облысында дүниеге келген.

2004 жылы С. Демирел атындағы университетті «Есептеу техникасын бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша, 2006 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Құқықтанушы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2004 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген. 2004-2007 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамында инженер-бағдарламашы, куәландыру орталығы бөлімінің басшысы, мемлекеттік органдарда АT бөлімшелер құру департаменті директорының орынбасары, 2004-2007 жылдары «AMANAT-insurance» БК» акционерлік қоғамында ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесші-консультант, 2007-2010 жылдары Әділет министрінің ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесшісі және ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы, 2010-2011 жылдары Байланыс және ақпарат министрлігінде Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары болып қызмет атқарған. 2011-2014 жылдары Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы болды.

Әр жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазпошта» АҚ, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін басқарды.

2018-2019 жылдары Bi Group құрылыс холдингі басқарма төрағасының орынбасары және корпоративтік-венчурлік қордың басшысы, 2019-2020 жылдары АТ-кәсіпкер, ReKassa, Tastamat және басқа да АT-стартаптардың тең негізін қалаушы, 2020 жылы ҚР Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі, 2020 жылы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары қызметінде болды.

2020 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды.

«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.

36 жыл бұрын (1988) Алматы облысы прокурорының орынбасары Азамат Жолдасбекұлы КҮРЕНКЕЙ дүниеге келді.

Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, құқықтану (магистратура).

Еңбек жолы: 2010 жылы Алматы қаласы Жетісу ауданы прокурорының көмекшісі қызметінде болды. Астана қаласы Есіл ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі; Астана қаласы Есіл ауданы прокуратурасының басшысы; Астана қаласы прокуратурасының прокуроры; Бас прокуратура департаментінің прокуроры; Алматы облысы прокуратурасы басшысының орынбасары; Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы прокурорының орынбасары, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының прокуроры қызметін атқарған.

2022 жылдың қазан айынан бастап қазіргі қызметінде.

35 жыл бұрын (1989) Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы Новоишим ауылдық округінің әкімі Әділжан Мұратұлы БУКПИН дүниеге келді.

Көкшетау облысы, Куйбышев ауданының Куйбышев кентінде туған.

2012 жылы «Көкше» академиясын «қаржы бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылдың шілде айында «Элеватор Целинный-2006» ЖШС жұмысшы болып бастады. 2009 жылы «Новосельский ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің жастар тәжірибесі бойынша маманы болды. 2011 жылы Новосельская орта мектебінде дене шынықтыру мұғалімі және жұмысшы болып жұмыс істеді. 2011-2012 жылдары Новосельский орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі, 2012-2015 жылдары «Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық білім бөлімі» ММ-де экономист, 2015 жылы «Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» ММ-нің құрылыс және пайдалану мәселелері жөніндегі аудан әкімі орынбасарының бас маманының көмекшісі, 2015-2017 жылдары«Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ-де аудан әкімінің құрылыс және пайдалану мәселелері жөніндегі орынбасары – бас маман – көмекші қызметін атқарды. 2017 жылдың ақпан айынан бастап осы тағайындауға дейін «Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ аудан әкімінің төтенше жағдайлар, азаматтық қорғау және жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс жөніндегі көмекшісі қызметін атқарды. 2019 жылдың 1 тамызынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Қазіргі қызметін 2020 жылдың ақпанынан бастап атқарып келеді. .