3 наурызда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 3 наурыз күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы басталады. Отырыс www.senate.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

11.00-де «Men mediakz» кросс-медиа платформасы «Қазақтелеком, Кар-Тел және басқа да монополистер нарықты қайта бөлісіп алуды көздеуде» тақырыбында баспасөз конференциясын өткізеді.

15.00-де КАЗГЮУ университетінде Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйелдер көшбасшылығы әл-ауқатты мемлекеттің негізі ретінде» атты дөңгелек үстел өтеді.

19.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған «Арнау» концерті өтеді.

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Дон Кихот» қойылымының премьерасы өтеді.