3 облыстағы республикалық жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Күн райының нашарлауына байланысты (жолды тазалау, қарлы боран, шектеулі көрініс, көктайғақ) 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Жамбыл облысында - 1 учаске (79 км):
1. "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 159-238 км, Кенен ауылынан – Қайнар ауылына дейін (Жаңа Қордай асуы) -79 км;
Жетісу облысында - 2 учаске (223 км):
1. "Үшарал-Достық" автожолының 84-184 шақырымы, Көктұма станциясынан Достық станциясына дейін – 100 км.;
2 "Алматы-Өскемен" а/ж 287-410 шақырымы, Талдықорған қаласынан Сарқант қаласына дейін.
Қызылорда облысында - 1 учаске (289 км):
1. Самара-Шымкент " а/ж 1361-1650 шақырымы. Арал қаласынан Бостандық ауылына дейін 289 км;
Шектеу көліктің барлық түрлеріне қолданылады.
Республикалық маңызы бар автожолдарда 568 техника жұмылдырылды.