3 облыстағы жолдың 4 бөлігінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді
АСТАНА. KAZINFORM - 20 қаңтар, сағат 10.00-дегі ахуал бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Бұл туралы Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы хабарлады.
Жамбыл облысында -1 учаске
1.»Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен ауылы -Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) - 79 км.
(жаңбыр аралас қар, жел, тұман, шектеулі көрініс).
Жетісу облысында - 1 учаске
«Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма станциясы - Достық станциясы - 100 км.
(тұман, шектеулі көрініс).
Батыс Қазақстан облысында - 2 учаске
«Орал-Тасқала-РФ шекарагсы» 4-104 км, Орал қаласы- РФ шекарасы - 100 км.
(жел, боран, көрінуді шектеу).
«Самара-Шымкент» 195-246 км, РФ шекарасы - Орал қаласы – 51 км.
(РФ ауа-райының нашарлауына байланысты).
Осы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстау үшін 373 арнайы техника және 636 жолшы жұмылдырылды.