3 сәуір біздің өмірізде ең елеулі күн болып қалмақ - А.Тұрниязова, БҚО

ОРАЛ. 4 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - 3 сәуір күні өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысқанымды өмірімдегі ең елеулі күндердің бірі деп есептеймін.

Себебі бірінші рет дауыс бердім. «Болашақ - жастардікі» деп еліміз бізге сенім артып отыр. Бір дауыстан елдің тағдыры шешілетіні сайлауға жауапкершілікпен қарау керектігін ұқтырады. Бұл туралы Батыс Қазақстан медицина колледжінің студенті Адаргүл Тұрниязова мәлім етті.

«Мен медициналық колледжінде оқимын. Оқу ғимаратында орналасқан №539 сайлау учаскесінде өзім қатарлас студенттермен бірге осы аса жауапты сәтті бірге өткіздім. Жастардың алдында білім алу, ел өміріне араласып еңбек ету, шаңырақ көтеріп, ұрпақ тәрбиелеу міндеттері тұр. Олар үшін тұрғын үй - ең басты мәселе. Мұның бәрі мемлекет басшысының іскерлігіне байланысты. Сондықтан мен өз даусымды Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа бердім және өзімді қателескенім жоқ деп есептеймін», - деді А.Тұрниязова.